
2020 жылдың 1 қаңтарына жұмыссыз адамдардың саны - 314 адам, жұмыссыздық деңгейі - 3,8% құрады.
2019 жылы 239 адам жұмысқа орналасып, 333 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. 116 жұмыссыз кәсіби оқуларға жолданды.
Аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау бойынша жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 612 отбасына тағайындалып, оларға 287 млн. 600 мың теңге төленді.
Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға аз қамтылған көп балалы отбасылары мен жастардың қатарынан 47 адам 20 млн. 700 мың теңге көлемінде мемлекеттік гранттарға ие болды.
Аудан бойынша 495 мүмкіндігі шектеулі адам бар. Олармен де нәтижелі жұмыс атқарудамыз. 2019 жыл қорытындысымен 1 мүмкіндігі шектеулі жан тұрақты жұмысқа орналасса, 6-ы қоғамдық жұмысқа тартылып, 5 адам әлеуметтік жұмыспен қамтылды. 7 адам өз ісін ашуға «Еңбек» бағдарламасы арқылы несие алды және 3 адам кәсіптік оқуға жолданды.