Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Н.Жамбекованың Психологиялық қолдау қызметтерін күшейту мәселесі бойынша аппараттық кеңеске баяндамасы

Психологиялық қолдау қызметтерін
күшейту мәселесі бойынша аппараттық
кеңестің тезистері
Құрметті Ғани Бектайұлы!
СЛАЙД 2
Мемлекет басшысының білім беру мекемелерінде психологиялық қолдау қызметтерін институционалдық күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Балалардың құқықтарын қорғау комитеті келесі жұмыстар жүргізуде.
СЛАЙД 3
Психологиялық қызметтерді күшейту бағытында бірқатар шаралар қабылданды, атап айтқанда:
- 2023 жылғы 31 тамызда Балаларды
зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу жөніндегі
2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданды. Кешенді жоспар 3 бөлімнен тұрады, онда 53 іс-шара қарастырылған. Кешенді жоспарды іске асыру тиімділігін бағалау 9 нысаналы индикатор негізінде жүзеге асырылатын болады;
- «Педагог» кәсіптік стандарты қабылданды, оның шеңберінде педагог-психолог және әлеуметтік педагог мамандығының карточкасын әзірлеу көзделген, бұл осы мамандарды кәсіби даярлауға қойылатын талаптарды айқындауға мүмкіндік берді (ОМ 2022 ж. 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығы);
- орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жаңа жұмыс істеу қағидалары бекітілді (ҚР ОМ 2022 ж. 25 тамыздағы № 377 бұйрығы). Орта білім беру ұйымының психологиялық қызметінің жұмыс істеу қағидалары психологиялық қызмет құрамына кіретін мамандардың жұмысын жүйелеуге және нақтылауға, оқу орны әкімшілігінің жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік берді;
- педагог-психологтар жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі қысқартылды (ҚР ОМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы (17.03.2023 ж. өзгертулерімен));
- 8 өңірде психологиялық қолдау орталықтары құрылды (Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары, Алматы , Астана қалалары);
- педагог-психологтың қызметі цифрландырылды. Бұл оларға консультациялық көмекке мұқтаж балалармен нақты жұмыстануға мүмкіндік берді;
- 2023-2024 оқу жылына арналған нұсқаулық хат негізінде сыныптан тыс жұмыстар шеңберінде сыныппен жұмыс істеу үшін педагог-психологтарға сағат бөлу бойынша жұмыс жүргізілді;
- 2023 жылы біліктілікті арттыру курстарынан 4 мыңнан астам педагог-психолог және 1 800 астам әлеуметтік педагог өтті.
СЛАЙД 4
Жалпы көрініс психологиялық қызметтің жұмысын келесі тәсілдер арқылы өзгертуге мүмкіндік береді:
- Орталықтардың қаржыдан бастап әдістемелікке дейінгі барлық мәселелерді анықтайтын Типтік ережелерін енгізу;
- болашақта өңірлерде құрылатын 20 Психологиялық қолдау орталығы үйлестіру тетігіне айналады, бұл орталықтарда ата-аналар мен балаларға кеңестер беріліп, қолдау білдіріледі, сонымен қатар педагог-психологтар үшін де жаңа білім алу мүмкіндігі қарастырылады.
СЛАЙД 5
Комитет психологиялық қызметтердің, әсіресе педагог-психологтардың қызметін трансформациялау бойынша жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл саладағы стратегиялық міндеттер Кешенді жоспарға енгізілген. Осылайша 5 міндет айқындалды:
– Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, педагог-психологтарды даярлау бағдарламаларын жаңарту жұмыстары басталды. Бұл міндет қолда бар оң тәжірибені ескере отырып, заманауи бағдарлама бойынша оқитын мамандарды дайындауға бағытталған.
- 1000-нан астам оқушысы бар білім беру ұйымдарында қосымша бөлімшелерді енгізу арқылы педагог-психологтардың санын кезең-кезеңімен арттыру. Комитет норманы бір маманға 500 білім алушыдан аспайтын деңгейге жеткізуді жоспарлап отыр.
- Сыныптан тыс уақытта педагог-психологтың сыныппен жұмыс істеуге белсене араласуына баса назар аудара отырып, тақырыптық сабақтарға аудит жүргізу жоспарлануда. Жыл бойы психолог сыныппен кемінде 8 сағат кездесіп, жұмыс жүргізеді.
- Мамандардың біліктілігін ұдайы арттыруды қамтамасыз ететін педагогикалық психологтар мен әлеуметтік педагогтарды даярлау және қадағалау (жыл сайын 3,5 мың педагог-психолог). Бұл жұмысқа жұмыс жасап тұрған Психологиялық қолдау орталықтарын тарту жоспарлануда.
- Педагог-психологтың жұмысын одан әрі цифрландыру. Бұл қадам толыққанды онлайн-аккаунтты құруға бағытталған, онда педагог-психологке балалардың психологиялық әл-ауқатын, сондай-ақ әдістемелік ұсынымдар ұсынылады.
СЛАЙД 6
Ғани Бектайұлы, қабылданған шаралар кешені алдағы уақытта мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
- Бірыңғай стандарттар бойынша психологиялық қызметтің тиімді жұмыс істеуі.
- психологиялық салауаттылық факторы ретінде балаларда позитивті ойлауды қалыптастыру.
- Балалар ортасындағы жағымсыз құбылыстарды азайту.
Назарларыңызға рахмет!