Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Н.Оспанованың ҚР Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ дөңгелек үстелде 22.02.2024 ж. сағат 11:00-де сөйлеген сөзінің тезистері

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Н.Оспанованың ҚР Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ дөңгелек үстелде 22.02.2024 ж. сағат 11:00-де сөйлеген сөзінің тезистері

Құрметті дөңгелек үстелге қатысушылар!

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің атынан барлық қатысушыларға осы кездесуге уақыт бөлгені үшін алғыс білдіремін.

Бұл кездесуді- балалар мәселесіне назар аударудың тағы бір ерекше мүмкіндігі деп санаймын.

Бірлескен жұмыстың нәтижелері балаларды қорғау саласындағы жоспарларды іске асыруға көмектесетініне сенімдімін.

2024 жылы Қазақстан Республикасында Бала құқықтары туралы Конвенцияның қабылданғанына 30 жыл толды.

Осы уақыт ішінде еліміз балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын арттыруда үлкен жолдан өтті.

Мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі балаларды қорғау мен қолдау болып табылады және солай болып қала бермек.

Қазақстанның балалар құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға бейімділігі балаларға қатысты және Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асырумен расталады.

«Бала құқықтары туралы» және «Білім туралы» негіз қалаушы Қазақстанның ұлттық заңнамалық базасы - бұл біздің балаларымыздың бақуатты және қауіпсіз балалық шағы құрылатын құқық қорғау алаңы.

Балалардың әл-ауқатын және ұлттық саясаттың тиімділік дәрежесін бағалау үшін 2021 жылы Балалардың әл-ауқат индексі әзірленіп, енгізілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдан бастап «Ұлттық қор - балаларға» жобасы іске қосылды, оның аясында Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50% -ы барлық балалар арасында бөлінетін болады. Кәмелетке толғаннан кейін қаражатты білім алуға немесе тұрғын үй сатып алуға пайдалануға болады.

Қазіргі уақытта республикада балалар саны 6,9 млн. баланы құрайды. Ресми болжамға сүйене отырып, 2027 жылға қарай қазақстандық балалар саны 8 миллионға дейін артады деп күтілуде.

Балаларымыздың құқықтарын қорғаудың кейбір аспектілеріне тоқталып өтейін.

Бірінші. Балалардың білім алу құқығын іске асыру

Мектепке дейінгі білім беру.

2022 жылдан бастап енгізілетін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа моделі оң нәтижелер көрсетіп отыр. Тәрбие -білім беру процесін ойын және түрлі қызмет түрлері арқылы ұйымдастыру балалардың физикалық, зияткерлік және тұлғалық дамуы үшін оңтайлы жағдайлар жасайды.

Бұдан басқа, мектепке дейінгі білім беру саласында балаларды ерте жастан тәрбиелеу мәселелері бойынша педагогтар мен ата-аналарға арналған бейімделген бағдарлама әзірлеу басталды. Бағдарлама контенті мәдени дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарды ескере отырып әзірленген.

Орта білім

Елімізде 7 849 мектепте 3,8 млн бала білім алады.

Осы саладағы негізгі мәселе орын тапшылығы, үш ауысымдылық және мектептердің апаттылығы болып отыр.

Оны шешу үшін "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасы іске асырылуда.

Жоба толық жүзеге асқан сәтте жоғарыда аталған мәселелер толық шешімін табады.

 Бұл шаралар балалардың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Техникалық және кәсіптік білім

Министрлік қызметінің негізгі бағыттары: жастардың ТжКБ алуға қолжетімділігі болып табылады.

Бүгінде ТжКБ-да оқитындардың 80% тегін оқиды (2025 жылға қарай 100%).

Бизнеспен ынтымақтастықта өзара іс-қимылдың түрлі нысандары өзгереді: дуальды оқыту, кәсіпорындарды колледждерге қамқорлыққа алу, мақсатты мемлекеттік тапсырыс.

Екінші. Біздің міндеттеріміздің бірі балалардың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын қамтамасыз ету болып табылады.

21 387 жетім баланың тек 17 660-ы ғана қазақстандық отбасыларда тәрбиеленуде. Жыл сайын Қазақстан азаматтары отбасына 1000-нан астам жетім баланы қабылдайды (2019 жылы - 1111, 2022 жылы - 1019, 2023 жылы - 1063).

Біз балалар үйлерін институционалсыздандыруды жалғастырудамыз және 3 жыл ішінде олардың саны 21 ұйымға азайды (2019 жылы - 107, 2023 жылы - 86).

Үшінші. Балалардың қауіпсіздігі және әлеуметтік кепілдіктер.

Мемлекеттің басым міндеті - балаларды көшедегі, үйдегі және мектептегі қауіпті жағдайлардан қорғау. Сондықтан балалар объектілерінде теңдессіз кешенді қауіпсіздік шаралары іске асырылуда.

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының 100% бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етілген, ІІО ЖБО-ға қосылған, лицензияланған күзетпен қамтамасыз етілген, дабыл түймелерімен жабдықталған.

Министрлік үшін білім беру ұйымдарындағы қауіпсіз орта тек техникалық қауіпсіздік құралдарымен ғана шектелмейді, сонымен қатар баланың эмоционалдық әл-ауқатын да қамтиды.

Мектеп ортасында оң қарым-қатынасты қалыптастыру үшін білім беру ұйымдарында тілектестік, мейірімділік және өзара сыйластық дағдыларын қалыптастыру негізінде «ДосболLike» акциясы өткізілді.

Акцияның жалғасы еліміздің 8 өңірінің 50 мектебінде «ДосболLike» антидуллингтік бағдарламасын пилоттау болады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ШҚМ-мен бірлесіп «Менің бауырым» еріктілер жобасына бастау берілді.

Жоба арқылы балалар дұрыс қарым-қатынас орнатуға, түрлі жағдайларды шешу үшін достық тілін табуға үйренеді.

Балаларды зорлық-зомбылықтан, суицидтің алдын алудан қорғау және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспар іске асырылуда, оған бірқатар маңызды бастамалар кірді.

Өңірлік психологиялық қолдау орталықтарын дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл балалардың кәсіби психологиялық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларды алдын алу, анықтау және оларға көмек көрсету жөніндегі әдістеме қабылданды.

Кеше Парламент Мәжілісінің депутаттары бірінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасында көзделген балалар құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту жөніндегі шараларды мақұлдады.

Төртінші. Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Балалардың цифрлық сауаттылық деңгейін анықтау және стратегиялық жоспарлау және балаларды цифрлық ортада қорғауға бағытталған іс-шараларды іске асыру үшін Министрлік ЮНИСЕФ-пен бірлесіп 2023 жылы "Kazakhstan Kids Online. Қазақстандағы балалардың цифрлық өмірі ".

Сандық технологияларды жауапты, қауіпсіз және өнімді пайдалануға назар аудару мақсатында «Ата-аналар бақылауы» және «КиберТұмар» бағдарламаларына ата-аналарды қосу бойынша науқан басталды.

Аталған шаралар онлайн ортада ақпаратты таңдауға «имуннитет» енгізу бойынша ата-аналардың жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді деп үміттенеміз.

Құрметті қатысушылар!

Балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында серпінді даму, табыс және жаңа жетістіктер тілеймін.

Ынтымақтастықты одан әрі жалғастырамыз деген үміттемін.

Назар аударғаныңыз үшін рахмет!