Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Н.Оспанованың ҚР Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ баспасөз конференциясында 04.08.2023 ж. сағат 12: 00-де сөйлеген сөзінің тезистері

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Н.Оспанованың ҚР Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ баспасөз конференциясында 04.08.2023 ж. сағат 12: 00-де сөйлеген сөзінің тезистері

Құрметті қазақстандықтар:
ата-аналар, мұғалімдер, қоғамдық ұйымдар,
орталық мемлекеттік және жергілікті
атқарушы органдар, меценаттар мен демеушілер!

 

Мектеп оқушыларының жазғы демалысы аяқталып қалды. Әдеттегідей алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылы басталады.

Еліміздің барлық балалары 1 қыркүйекте мектепке мерекелік көңіл-күймен барғанын қалаймыз.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған, толық емес, көпбалалы отбасылар біздің қолдауымызға мұқтаж.

Міне, жазғы мектеп демалысы да аяқталып қалды. Жақын күндері алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылы бастау алмақ.

Еліміздің барлық балалары 1 қыркүйекте мектеп табалдырығын мерекелік көңіл-күймен аттағанын қалаймыз.   

Өкінішке қарай, жекелеген отбасылардың, әсіресе толық емес, көп балалы, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардың жағдайы күрделі күйінде қалып отыр.

Барлық қазақстандық балаларды мектепке лайықты жинау - ата-аналардың бір бөлігі үшін қиын міндет.

Барлық қазақстандық балаларды мектепке лайықты түрде жинау – кейбір ата-аналар үшін қиын міндет. Сондықтан балаларға көмек қолын созып, әрбір баланың Білім күні мектепке қуана баруын қамтамасыз ету қажет.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Мектепке жол» дәстүрлі 15-ші республикалық қайырымдылық акциясын өткізеді.

Әр баланың отбасының әлеуметтік мәртебесіне қарамастан сапалы білім алу мүмкіндігі болуы маңызды.

«Мектепке жол» акциясы ерекше қамқорлыққа мұқтаж жандарды қолдауға және Білім күнінде барлық балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға мүмкіндік береді.

Кеңсе тауарлары мен жазу керек-жарақтары, дәптерлер мен күнделіктер, сурет салуға және балалар шығармашылығына арналған жиынтықтар, портфельдер мен мектеп формалары, оқулықтар мен көркем әдебиеттер түріндегі қайырымдылық көмек тек қана жаңа түрде берілуі тиіс.

Акция аясында жиналған барлық оқу құралдары мен ақшалай қаражат тек балаларға қажетті заттарды сатып алуға бағытталатынын атап өткен жөн.

Көмек белгілі бір балаға: тауарлармен де, қаржылық құралдармен де көрсетілуі мүмкін.

Құрметті меценаттар, демеушілер, қайырымдылық жасаушылар!

Өткен жылы «Мектепке жол» акциясы аясында 204 мың оқушы 3 млрд 700 млн. теңгеге материалдық көмек алды. Мұндай көмек отбасыларға тамыз айында 2008 жылдан бастап 15 жыл бойы көрсетіледі.

Дәстүрлі акция барлық игі күштерді біріктіретін «Жақсылық жаса» ұранымен өтеді.

Өткен жылдардағы тәжірибе көрсетіп отырғандай, біздің елімізде жанашыр адамдардың саны көп. Балалық шақтың құрметті достары, біз сізді биылғы жылы да акцияның белсенді қатысушысы болуға шақырамыз.

Құрметті әріптестер - біздің ұстаздарымыз!

Әр мектеп «қайырымдылық бұлағы» бола алады.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті білім беру ұйымдарына бей-жай қалмайтын азаматтардан мектеп тауарларын қабылдаудың уақытша пункттері болуды ұсынады. Барлық жиналған кеңсе тауарлары мұқтаж балаларға берілуге тиіс.

Мектеп директорлары, әлеуметтік педагогтар, балалар омбудсмендерінің «әлеуметтік» рөлін атқаратын сынып жетекшілері акцияны сапалы өткізу үшін барлық шараларды қабылдауы керек.

Құрметті қазақстандықтар!

Көмектесіп, жақсылық жасай отырып, баланың жаралы және сезімтал екенін ұмытпауды сұраймыз. Сондықтан сыйлықты алатын баланың суретін әлеуметтік желілерге және интернетке жарияламауды сұраймыз. Өкінішке қарай, біреулер бұл суретті жәбірлеу құралына айналдыруы мүмкін.

Жақсылық жасау оңай ма? Мұны әркім өзі шешуі керек, ал өмір мейірімді болу қиын емес екенін көрсетеді. Және өте қуанышты – өйткені сіз біреуге көмектесе алдыңыз, жақсылық пен жақсылық жасай алдыңыз.

Акцияның ұйымдастырушысы ғана емес, сонымен қатар белсенді қатысушысы болып табылатын Балалардың құқықтарын қорғау комитеті орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың барлық мемлекеттік қызметшілерін елдің оң процестерінің толқынында болуға және «Мектепке жол» республикалық акциясына қосылуға шақырады.

Біздің акция - Балаларға деген мейірімділік, көңіл бөлу, төзімділік сабағы. Бұл сабақты ересектер де, балалар да үйренуі тиіс.

Бұл акция мейірімділік пен қамқорлықтың белгісі. Балаларымызға барынша көңіл бөліп, қолдауымызды көрсетуге тырысайық!

Cебебі, Бала біздің еліміздің ертеңі, болашағы!

Аталған акцияға әрбір азаматты өз үлесін қосуға шақырамыз!

Назарларыңызға рақмет!