ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ Баспасөз конференциясы Оқу-ағарту вице-министрі Е.Оспанның тезистері 04.08.2023 ж. 12:00 сағ.

ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ  Баспасөз конференциясы Оқу-ағарту вице-министрі Е.Оспанның тезистері 04.08.2023 ж. 12:00 сағ.

Құрметті брифингке қатысушылар,

Құрметті БАҚ өкілдері!

Бүгін ел - Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары, педагогтар мен ата-аналар келе жатқан жаңа оқу жылына дайындық үстінде.

Әсіресе жекелеген санаттағы балаларды – қолдау мен көмекке мұқтаж оқушылардың мектепке дайындығын ұйымдастыру ерекше маңызды іс-шара екендігін атап өткен жөн.

Бүгінде бұл санаттағы балаларымыздың саны 450 мыңнан астам.

Мемлекет ата-аналарға осы балаларды мектепке дайындауға әрдайым көмектеседі және әрқашан қолдау көрсетуді жалғастырады.

  1. Жалпыға міндетті оқу қоры

Елімізде мұқтаж отбасыларға материалдық көмек көрсету және балалардың білім алу құқығын 100% қамтамасыз ету үшін арнайы құрылған  жалпыға бірдей оқу қоры бар.

Осы жылы қордан оқушыларға мектеп формасы мен оқу құралдарын алу үшін 18,7 млрд теңге жұмсалады деп күтілуде.

Мемлекет тарапынан материалдық көмек атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып отбасыларда тұратын, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы мектеп оқушыларына көрсетіледі. .

Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар әрбір білім алушы мен тәрбиеленушіге мектеп формасы мен құралдарын сатып алуға арналған бюджет қаражатының көлемін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен емес мөлшерде белгілеп, оқушылардың ата-аналары немесе оларды алмастыратын адамдардың есепшотына қаржылай нысанда аударылады. 2023 жылы бұл көрсеткіш 40 567 теңгені құрайды, яғни қаржылай көмектің көлемі осы суммадан төмен болмауы тиіс.

Былтыр қабылданған бұл өзгерістер ата-аналар мен балаларға киім, мектеп керек-жарақтарын өз бетінше таңдап сатып алуға мүмкіндік береді.

Қаржылай және материалдық көмектер оқушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың білім беру ұйымының бірінші басшысының атына берілетін өтініші негізінде тағайындалады.

Күні бүгінге дейін өңірлер 147 193 баланы (32,2%) қамти отырып, ата-аналар есепшотына 5 млрд теңгеден астам қаражат аударды.

Бұл жұмыстар барлық облыстарда тамыз айының 15-не дейін аяқталады.

  1. «Мектепке жол» қоғамдық қозғалысы

Отбасылар жалпы білім беру қорынан алған көмектен басқа 10 жылдан астам уақыт бойы «Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы аясында көмек алып келеді.

Бұл акция дәстүрлі қоғамдық қозғалысқа айналды.

Мәселен, өткен жылы демеушілер мен меценаттар 200 мыңнан астам оқушыға 2 млрд теңге көлемінде көмек көрсетті.

Бүгінде жергілікті атқарушы органдар мектеп оқушылары бар аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардың тізімдерін қалыптастырады. Олардың қатарына ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар да кіреді.

Биыл бұл шара «Жақсылық жаса» атауымен 1-31 тамыз аралығында өткізіледі. Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға бей-жай қарамайтын, жүрегі кең азаматтардың аталған акцияға белсенді қатысатындығына сенімдіміз.

 

Назарларыңызға рахмет!