Жиі қойылатын сұрақтар
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1178 қаулысымен бекітілген Қағидалармен регламенттелген.
Қажетті нормативтік-құқықтық актіні әзірлеу үшін әзірлеуші мемлекеттік органның атына мынадай ақпаратты ұсыну қажет:
- Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу қажеттілігінің негіздемесі;
- Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қаулы жобасын қабылдау қажеттілігін негіздеу үшін ұсынылатын көрсеткіштер мен мәліметтердің тізбесі;
- Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу қажеттілігінің негіздемесі болып табылатын өзге де құжаттар (материалдар) мен мәліметтер.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде екі жылдан аспайтын мерзімге ұлттық режимнен алып қоюды белгілеуге құқылы.