Жиі қойылатын сұрақтар

«Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 22 тамыздағы № 592 бұйрығымен реттеледі.

Қағидалардың 12-бабына сәйкес, Өтініш беруші өз жобасын бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу үшін жергілікті атқарушы органға қағаз және (немесе) электрондық нысанда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтінім жібереді:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоба паспорты;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаны іске асырудың жоспар-кестесі;

      3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы статистикалық деректерді таратуға келісім;

      4) жоба құнының кемінде 10 (он) пайызы мөлшерінде жобаның қаржылық қамтамасыз етілгенін растайтын құжаттардың көшірмелері.

Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынған және өтінім мен оған қосымшаларды дұрыс толтырған кезде жергілікті атқарушы орган өңірлік сараптама жүргізеді.

Құжаттардың толық және дұрыс пакетін ұсынғаннан кейін уәкілетті орган өтінішті штаб отырысында қарауға енгізеді.

Штаб шешімдері отырысқа қатысып отырған Штаб мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді, оған Штаб отырысына қатысып отырғандардың барлығы қол қоюға тиіс. Штаб мүшелерінің шешімдер қабылдау кезінде тең дауыстары болады және дауыстар тең болған кезде Штаб төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Штаб мынадай:

      1) жауапты мемлекеттік органды көрсете отырып, жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу туралы;

      2) жоба бойынша анықталған ескертулер мен сәйкессіздіктердің толық тізбесін көрсете отырып, жобаны жергілікті атқарушы органға пысықтауға қайтару туралы;

      3) осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген бірыңғай индустрияландыру картасының өлшемшарттарына сәйкес келмеген кезде бірыңғай индустрияландыру картасына жобаны енгізуден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.