Жиі қойылатын сұрақтар

Лицензиялық алымды төлеу төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына мынадай деректемелер бойынша жүргізіледі:

Бюджеттік сыныптама коды (БСК)– 105402;

Төлем мақсатының коды (ТМК) – 911.

Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері негізге алына отырып белгіленеді.

2025 жылғы 1 қаңтарда 1 АЕК = 3 932 тенге

2026 жылғы 1 қаңтарда 1 АЕК = 4 325 тенге

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінің 554-бабының 4-тармағына сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензия бергені үшін алым):

 

№
р / с

Лицензияланатын қызмет түрі

АЕК алым мөлшерлемелері

1

2

3

 

Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым мөлшерлемелері:

 

 1.

Атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау

 100

 2.

Ядролық материалдармен жұмыс істеу

 50

 3.

Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу

 10

 4.

Иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу

 5

 5.

Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету

 5

 6.

Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу

 50

 7

Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау

 50

 8.

Бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар нәтижесінде ластанған басқа да аумақтардағы қызмет

 10