Жиі қойылатын сұрақтар
Заңды тұлғалар үшін
- Осы үлгідегі 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (міндетті түрде)
- Тағайындау туралы бұйрық (бухгалтерлер лауазымы үшін) (міндетті түрде)
- Персоналдың біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмелері (міндетті түрде)
- Аккредиттеу немесе аккредиттеу саласына тікелей байланысты қызмет саласында кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттар (міндетті түрде)
Құжаттар талаптарда көрсетілген атауларға қатаң сәйкестікте ұсынылуы қажет.
Куәлікті алуға арналған құжаттар «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы қабылданады.
Сіздің өтінішіңіздің мәртебесін білу үшін сізге қажет:
- «Е-лицензиялау» порталындағы жеке кабинетіңізге кіру.
- Жеке кабинетте «Менің рұқсат құжаттарым» немесе «Менің өтініштерім»-ді таңдау және кіру қажет.
Өтініш мәртебесі келесідей өзгереді: «Қаралуда», «Берілді» немесе «Бас тартылды».
Сондай-ақ, куәлікті алу үшін қадамдық бейне нұсқаулықпен мына сайтта танысуға болады www.gov.kz → Атом энергиясы жөніндегі агенттік → Атомдық қадағалау мен бақылау комитеті → Баспасөз орталығы → Медиагалерея → атом энергиясын пайдалану саласында куәлік алуға өтініш беру жөніндегі нұсқаулық.
Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
Заңды тұлғалар.
Радиоактивті қалдықтардың мемлекеттік есебін жүргізуді атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган РАҚ-пен жұмыс істеу қызметін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынған деректер негізінде жүзеге асырады.
«Радиоактивті қалдықтарды және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы
№ 39 бұйрығына сәйкес лицензиаттар түзілетін және сақталатын радиоактивті қалдықтардың есебін жүргізуге және белгіленген тәртіппен уәкілетті органға тиісті мәліметтер беруге міндетті.
Радиациялық объектінің әлеуетті радиациялық қауіптілік санатын келісу «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығының 25-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Әлеуетті радиациялық қауіптілік санатын радиациялық объектінің әкімшілігі белгілейді және осы санитариялық қағидалардың 7-қосымшасында көзделген материалдарды қоса бере отырып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерімен және атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттаудан өткізуге арналған сұрақтар тізімін мына сайттан табуға болады www.gov.kz → Мемлекеттік органдар → Басқалар → Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі → Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитеті → Құжаттар → «түйінді сөздер» жолына «тест сұрақтарының тізбесі» сөзін жазыңыз.
Тестілеу Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті көрсеткен орындарда өткізіледі.
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персонал уәкілетті орган айқындаған тәртіппен «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 21-бабының 1-тармағына сәйкес атқаратын лауазымының біліктілігі мен кәсіптік даярлығы деңгейінің сәйкестігіне аттестаттаудан өтеді.
Сонымен қатар, аттестаттаудан Заңның 21 бабы 3-тармағының санаттарына жататын мамандар ғана өтетінін атап өтеміз.
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидалары «Атом энергиясын пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 15 наурызда № 13468 болып тіркелген.)
Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мамандар даярлаумен айналысатын ұйымдардың тізімі Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мамандар даярлаумен айналысатын ұйымдардың тізімін мына сайттан табуға болады www.gov.kz → Мемлекеттік органдар → Басқалар → Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі → Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитеті → құжаттар → «түйінді сөздер» жолына «тізім» сөзін жазыңыз.