«Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» ММ басшысының орынбасары (D-О-2 санаты, 1 бірлік, Р-2)

Мемлекеттік орган

Астана қаласының әкімдігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

D-O-2

Орташа лауазымдық айлықақы

549905

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-2, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы
  6. ғылыми дәрежесі;
  7. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Қосымша талаптар

жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (қаржы және несие және/немесе құқықтану және/немесе экономика және/немесе мемлекеттік және жергілік басқару және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе экономика және менеджмент)

Функционалды міндеттер

Тиісті ережелерде белгіленген сеніп берілген бөлімдерде олардың бағыттары бойынша жалпы басшылықты үйлестіреді, бақылайды және қамтамасыз етеді. Жетекшілік ететін бағыт бойынша Басқарманың қызметтерін іске асыруға бағытталған Басқарманың бөлім басшыларының міндеттерін анықтайды. Ведомстволық ұйымдардың қызметтеріне жетекшілік етеді. Басқарманың қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын мүлтіксіз орындауын қамтамасыз етеді. Сенім білдірген бөлімдердің жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру, негізгі көрсеткіштерді әзірлеу және жүктелген міндеттерді уақытылы орындау  жолымен басшылық етеді.

          Басқарма мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мүдделерін соттарда азаматтық және қылмыстық істерді қарастыру кезінде өкілеттік бойынша басшылық пен қадағалауды жүзеге асырады.

          Қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген бюджеттік қаражаттың уақытылы түсуін қамтамасыз етуді қадағалайды. Коммуналдық меншікке обьектілерді тапсыру бойынша бақылауды жүзеге асырады. Бөлінген бюджеттік қаражаттың бюджеттік бағдарламалар мен шарттық міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес мақсатына сай және уақытылы пайдалануына қадағалауды іске асырады.

          Салықтар мен жинақтардың уақытылы аударылуына, Басқарма қызметкерлерінің еңбекақысының төленуіне, Қазақстан Республикасының бюджеттік және салықтық заңнамаларымен белгіленген есептілікті тапсыруды жүзеге асырады.

Өзінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша шарттық міндеттердің орындалуын қадағалайды. Атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын бақылайды. Нормативтік-құқықтық және құқықтық актілердің дәне құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобалардың дайындалуына бақылауды жүзеге асырады. Тапсырыс берушісі Басқарма болып келетін тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу процесінің іске асырылу заңдылығын қамтамасыз етуді қадағалайды. Басқарманың қызметкерлерінің қызметінің тиімділігіне бағалауды уақытылы жүргізуді қадағалайды. Өзінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады.  Құзыретіндегі мәселелер бойынша Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен, Нұр-Сұлтан қаласының басқармаларымен және басқа да ведомстволармен өзара қатынаста болады. Өзінің құзыретіне жататын келесі құжаттарға (заңнама талаптарына сай келуіне) сараптама жүргізеді және қол қояды:

тауарларды жеткізу шарты, жұмыстарды орындау, бюджет өтінімі есебінен қызметтер көрсету.

қаржыландыруға өтінімдер.

қаржыландыру жоспарлары, оларды өзгертуге өтінімдер мен анықтамалар.

тауарлар, жұмыстар, қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт, оларға қосымша келісімдер.

Президент Әкімшілігіне, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Премьер-Министрдің  Кеңсесіне және басқа да мемлекеттік органдарға жіберілетін хаттар, мәліметтер.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулылары мен өкімдерінің жобалары, Басқарманың сенім білдірген бөлімдерінің қызметтері мәселелері бойынша  Басқарма басшысының бұйрықтары. Ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.09.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.09.2021 – 24.09.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

30.09.2021

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік к., 11 үй, № 221 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 55-72-69, 8 (7172) 55-64-32

*  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысына сәйкес Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын деңгейлер мен функционалдық блоктар бойынша бөлуге сәйкес осы лауазым А функционалдық блогының 11 деңгейіне жатады.