«Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ құрылыс және перспективалық жоспарлау бөлімінің басшысы (D-О-3 санаты, 1 бірлік, ОСИПП-1).

Мемлекеттік орган

Астана қаласының әкімдігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

D-O-3

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

    Қосымша талаптар

    жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (жылу электр желілері және/немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және/немесе машина жасау және/немесе құрылыс және/немесе көлік, көліктік техника және технологиялар және/немесе автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу және пайдалану); ауыл шаруашылық ғылымдары (су ресурстары және суды пайдалану); білім (кәсіптік оқыту); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (экономика және/немесе қаржы (салалар бойынша) және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); жаратылыстану ғылымдары (информатика және/немесе экология).

    Функционалды міндеттер

    Өз құзыреті шегінде, жұмыстарды ұйымдастыруға міндетті:

    - жалпы басшылық және бөлім қызметін жоспарлау;

    - қоршаған ортаны қорғау саласындағы басымдықтарды айқындау, қаланың экологиялық шараларын жоспарлау және жүзеге асыру;

    - қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу;

    - жобалау және құрылыс жұмыстарын жүргізуге мердігерлермен келісім-шарттардың уақтылы жасалуы үшін жұмысты ұйымдастыру және бақылау;

    - нысандарды қабылдау бойынша жұмыс комиссияларына қатысу, мердігер ұйымдармен жұмыс, аяқталған құрылыс нысандары бойынша жұмыс комиссияларына қатысу;

    - болжамды мақсатты құжаттарды жинау, мекеменің стратегиялық және жедел жоспарларын жасау;

    - мемлекеттік сатып алу жоспарларын дайындау және бекіту;

    - қоршаған ортаны қорғау және мекеменің материалдық-техникалық базасын және оның мазмұнын нығайту бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу (конкурс өткізу, келісім-шарттар жасау, олардың орындалуын бақылау);

    - қала объектілерін күтіп ұстау бойынша орындалған жұмыстарды және есептеулерді тексеруге қатысу;

    - жұмыс комиссиясының актілерін, құрылыс нысандарын мемлекеттік қабылдау комиссиясының актілерін дайындау;

    - жер пайдалану актілерін ресімдеу жұмыстарын ұйымдастыру;

    - ландшафты жағалаулардың (су белдеулерінің) саябақтарын, алаңдары мен бульварларын қайта құру және салу бойынша жеткізушілердің орындаған жұмыстарының көлеміне сәйкестігін тексеру және баруға тиісті актілерге қол қою;

    - жалпы бақылауды жүзеге асыру, инфрақұрылым объектілерін салу, қайта құру, қалпына келтіру кезінде жұмыстарды үйлестіру;

    - экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған ғылыми-практикалық іс-шаралар (конференциялар, семинарлар, кездесулер, дөңгелек үстелдер және т.б.) өткізу;

    - қоршаған ортаның жай-күйі мен экологиялық білім туралы халықтың хабардар болуы; - өз құзыреті мен мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімдіктің нормативтік актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу;

    - мекеменің құзыретіне сәйкес басқа мәселелер бойынша экологиялық менеджментті реттеу;

    - жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындалу мерзімін қатаң сақталуын қарастыру;

    - азаматтарды жеке қабылдауды жүргізу.

    Басшылық жүктеген басқа функцияларды орындау.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

    Жарияланған күні: 18.08.2020

    Жалпы конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    19.08.2020 – 27.08.2020
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу күні

    02.09.2020

    Сұхбаттасу орны

    Бейбитшилик 11

    Анықтама алу үшін байланыс

    55-64-32, 55-72-69