«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің жетекші маманы (D-О-5 санаты, 1 бірлік, ОПОИГЗ-5).

Мемлекеттік орган

Астана қаласының әкімдігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

D-O-5

Орташа лауазымдық айлықақы

97510 - 132020

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика

Функционалды міндеттер

Басқарманың мүліктік және басқа да заңды құқықтары мен мүдделерін құқық жолдарымен қорғауды ұйымдастыру. ТЭН, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және құрылыс жұмыстарын мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық құжаттаманы және олармен азаматтық-құқықтық шарттарының қорытындылары дайындау. Басқармамен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеу, олардың орындалуын бақылау, нормативтік актілердің, бұйрықтардың, шешімдер мен басқа да құқықтық сипаттағы және мемлекеттік сатып алуға қатысты құжаттардың жобаларын дайындау.

Бөлім құзыретіне тікелей қатысты жасасқан келісімшарттарды, нормативтік құжаттарды және басқа да құжаттарды жүйелі түрде сақтауды және есепке алуды қамтамасыз ету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.08.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.08.2020 – 28.08.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

01.09.2020

Сұхбаттасу орны

Бейбитшилик 11

Анықтама алу үшін байланыс

55-64-32, 55-72-69