Logo

Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық талқылауда «Сарайшық» және «Алматы» аудандарында жоспарланған үш нысанның құрылысы талқыланды.

Қоғамдық талқылау өтті. Бүгінгі іс-шарада «Сарайшық» және «Алматы» аудандарында жоспарланған үш нысанның құрылысы талқыланды.

Коттеджді кент, Мичурино ауылы
Бас жоспарға сәйкес бұл жерде – тұрғын үй құрылысы. Жер учаскесінің жалпы ауданы – 10 га. Жер телімдерін 20-25 учаскеге бөліп екі қабатты коттеджді қалашық салу жоспарлануда. Сондай-ақ, қалашық ережеге сәйкес сулы аймақтан 35 метр қашықтықта, жеке инвестиция есебінен салынады.


Қолданыстағы автобус паркін жаңғырту. Коммуналдық автобус паркі, 2,5 қабат
Мекенжайы: «Сарайшық» ауданы, М. Тілеубаев А118, А318-2 (жобалық атаулары) және Ж. Жабаев көшелерінің шекарасы

«Қалада автобус тұрақтары тек «Байқоңыр» ауданында қарастырылған. Қозғалыс бағыты қаланың басқа аудандарынан басталатын жүргізушілер үшін өте қолайсыз. Сонымен қатар, аталған аумақта санитарлық қажеттіліктер арналған жағдайлар қарастырылмаған. Таңғы сағат 5-тен бастап жұмыс істейтін қызметкерлер үшін барлық жағдай жасалынуы керек. Осыған байланысты күнделікті қатынайтын қала автобустарының шамамен 30%-ы орналасқан «Сарайшық» ауданында барлық талаптарға сай, көлік жуу нысаны бар автобус паркін салуды жоспарлаймыз»,- дейді жобаны таныстырушы. Оған қоса, бұл аумақта жүргізушілерді оқытатын мекеме де салынбақ. Құрылыс жеке кәсіпкердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 

Кіріктірілген үй-жайлары бар (сауда-офистік үй-жайлар және кіріктірілген қоғамдық тамақтану орындары) және паркингі бар көпфункционалды кешен, 5 қабат
Мекенжайы: «Алматы» ауданы, Тәуелсіздік даңғылы мен Өленті, А. Тоқпанова, Шукшин көшелерінің шекарасы

Жер учаскесінің жалпы ауданы – 10,5 га.

Қоғамдық-іскерлік аймақ – 0,8 га

Тұрғын аймақ – 6.3 га

Көлік инфрақұрылымының аумақтары – 3.1 га

Рекреациялық аймақ – 0.3 га

Жобаға жауапты өкілдің айтуынша, құрылыс барысында және оны пайдалануға бергеннен кейін де біршама жұмыс орындары ашылады. Нысан маңында автотұрақтар және саябақтар салу жоспарлануда.

Алдын-ала дауыс беру нәтижесі бойынша жобалар қатысушылар тарапынан қолдау тапты.

Екі жұмыс күні ішінде қоғамдық талқылаудың қорытындысы хаттама түрінде рәсімделіп, Басқарманың ресми сайтында жарияланатын болады.

Дата публикации
25 июня 2026
Дата обновления
25 июня 2026
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
20 октября 2026
Ақпараттық материалдар
14 октября 2026
Мәслихат - 2026

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы