Азаматтарды қабылдау орталығы

Азаматтарды қабылдау орталығы

Азаматтарды қабылдау орталығы өз қызметін орталық мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандырылған алаң ретінде жүзеге асырады.

Азаматтарды қабылдау орталығында жайлы жағдайда:

  • кез келген мемлекеттік органға өтініш беруге;
  • түрлі ведомстволардың өкілдерінен кеңес алуға;
  • орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының және олардың орынбасарларының жеке қабылдауына жазылуға болады («е-Өтініш» АЖ арқылы жеке қабылдауға жазылу жөніндегі нұсқаулықты онлайн форматта: жүктеу).

Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, сағат 9.00-ден 18:00 - ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14-00 - ге дейін.

Сұрақтарды келесі телефон нөмірлері арқылы қоюға болады: 8 (7172) 725151 call centr

Орналасқан жері: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 14.

Қоғамдық көлік: 64,10,58,53,73,5а,40,33,71, 20, 23.

Жеке көлікті тұраққа қою қаланың қоғамдық кеңістігі аумағында жүзеге асырылады.

 

Жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық мемлекеттік органдар басшылығының 2026 жылғы 4-тоқсанда өңірлік Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды қабылдау кестесі

Азаматтарды қабылдау кестесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарияланған күні

19 желтоқсан 2023

Жаңарту күні

28 қыркүйек 2026

Жарияланымның авторы