Астана қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауы бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтерін олардың шекаралары мен сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып айқындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 22-бабының 2-1-тармағына сәйкес Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Астана қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауы бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің шекаралары олардың шекаралары мен округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, қосымшаға сәйкес айқындалсын.
  2. Осы шешім Астана қаласының мәслихаты мен Астана қаласы әкімінің аппаратының назарына жеткізілсін.
  3. Осы қаулы «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде, сондай-ақ Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                                                   Б. Жұмабеков

Хатшы                                                                                   Ш.Шәріпов      

Жарияланған күні

21 қазан 2026 08:30

Жаңарту күні

21 қазан 2026

Бағыттар