«Астана қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауы бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтері жөніндегі округтік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін бекіту туралы»
«Астана қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауы бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтері жөніндегі округтік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін бекіту туралы»
1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 3), 6) және 12) тармақшаларына сәйкес Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Астана қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауы бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтері жөніндегі округтік сайлау комиссияларының күнделікті жұмыс режимі сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы Астана қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауы бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтері жөніндегі округтік сайлау комиссияларының назарына жеткізілсін.
- Осы қаулы Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Астана қаласының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Б. Жұмабеков
Астана қаласының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Ш. Шәріпов
21