
Астананың сәулеттік келбетіне сай келетін заманауи форматтағы көше саудасын дамыту мақсатында «Көше саудасын жүргізуге арналған павильондарды орналастыру» бағдарламасы іске асырылуда
Көше саудасына келесі қызмет түрлері жатады: дөңгелекті асханалар, кофеханалар, наубайханалар, балмұздақ, көкөніс пен жеміс-жидек, газет өнімдері, гүл киоскілері.
Бүгінгі таңда «Астана қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін павильондарды орналастыру туралы» жоба аясында 324 сауда нысаны жұмыс істейді (Алматы – 82, Байқоңыр – 66, Есіл – 35, Нұра – 24, Сарайшық – 11, Сарыарқа – 106):
1. көкөністер мен жемістер – 129;
2. «фаст-фуд» – 90;
3. азық-түлік өнімдері – 48;
4. гүл павильондары – 37;
5. мобильді техникалық сервис – 17;
6. өзге де – 3.
700-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.