КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
NEET санатындағы (яғни оқымайтын, жұмысістемейтін және кәсіптік оқыту курстарына қатыспайтын) жастардың санын азайту бағытында тұрақты түрдежұмыстар жүргізілуде. Жастарды жұмыспен қамту жәнетұрақты еңбекпен қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайынбос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылады.
«Астана жастары» жастар ресурстық орталығы» КММ-де «JOLTAP» жобасы іске асырылады.
Жоба аясында 3 «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктіжұмыс істейді (мекенжайлары: Қабанбай батыр даңғылы, 21А, «Asia Park» СОО; Тәуелсіздік даңғылы, 7, Алматы ауданы әкімдігі; Сарыарқа даңғылы, 13, Сарыарқа ауданыәкімдігі). Бұл пункттерде елорда тұрғындары мен барлықниет білдірушілер мемлекеттік қолдау шаралары бойыншатегін кеңес алып, жұмысшы мамандықтары бойынша қысқамерзімді оқудан өтіп, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне иеболады.
Сонымен қатар, «JOLTAP» жобасы аясында еңбекнарығында сұранысқа ие 18 бағыт бойынша қысқа мерзімдіоқыту қарастырылған. Оның ішінде 12-сі жұмысшымамандықтарына, ал 6-ы цифрлық дағдыларға арналған.
Қатысушылар тігінші (3-разряд), модельер-конструктор, тігін өндірісінің операторы (3-разряд), бариста, аяқ киім жөндеу және кілт жасау маманы, электргаздәнекерлеуші (3-разряд), электрмонтажшы (2-разряд), наубайшы (2-разряд), корпус жиһаздарын жасаунегіздері, сату менеджері, Kaspi-дүкенде сауда жасау, шағынбизнестің бухгалтерлік есебі мен салық салуы, сондай-ақбизнеске арналған чат-боттарды әзірлеу, жарнамалық фото және бейнероликтер жасау үшін нейрожелілерді пайдалану, шағын бизнеске арналған SMM, таргеттелген жарнама, графикалық дизайн және базалық цифрлық дағдыларсияқты мамандықтар мен құзыреттерді меңгере алады.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 29 маусым 2026МақалаларКӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
- 20 ақпан 2022Баспасөз релиздері«Елорда тұрғындарын жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз ету» тақырыбында онлайн брифинг


