Глотов Евгений Сергеевич
Тұрғын үй, салық, бюджет және экономикалық саясат, инвестициялық және инновациялық даму, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, туризм, азық-түлікпен қамтамасыз ету, цифрландыру, жергілікті қамтуды дамыту мәселелері жөніндегі әкімнің орынбасары
Жалпы ақпарат, білімі
1987 жылы Қарағанды облысында туған.
Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша, сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасы аясында City University London (Ұлыбритания) оқу орнын тәмамдаған. Халықаралық құқық бакалавры. Құқық магистрі.
Мансап
«Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ менеджері (2006-2007);
«Есірткісіз болашақ» Корпоративтік қорының атқарушы директоры (2007-2008);
«Қазақстанның ауыл жастары одағы» ҚБ төрағасы (2008-2009);
«Агроиздат» ЖШС директорының орынбасары, директоры (2009-2011);
«СТИЛСОФТ-АСТАНА» ЖШС директоры (2011-2014);
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі, бас инспектор (2015-10.2015);
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм басқармасы» КММ басшысы (10.2015-11.2016);
Петропавл қаласы әкiмiнiң әлеуметтiк сала жөнiндегi орынбасары (11.2016-04.2019);
«Nur Otan» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (04.2019-09.2019);
ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (11.2020-10.2023);
ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (02.2022 - 10.2023);
Астана қаласы әкімінің орынбасары (10.2023 бастап).