Құрылым

Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі

Өтініштерді қарау бөлігінде іс жүргізу мен заңнама сақталуына бақылауды жүзеге асыру. ҚР Елбасы, Президент Әкімшілігі, Премьер-Министрі, Премьер-Министр Кеңсесі тапсырмаларының уақытында орындалуын бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Lotes Notes бағдарламасын жүзеге асыруды, жеке және заңды тұлғалардың электрондық және басқа да өтініштерімен, облыс әкімдігінің басшылығымен азаматтарды жеке қабылдау жұмысын қамтамасыз ету, құжаттандырудың заманауи электронды технологияларын пайдалануды, құжаттар мен құжатайналымын есепке алуды қамтамасыз ету,  құжатайналымының есебін жүргізу, облыс және аудандар мен қалалар әкімдерінің аппараттарында, облыстық басқармалар мен ведомстволарда жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізуді жетілдіру. Облыс әкімі, облыс әкімінің орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауларын, онлайн-қабылдауларын жүргізулерін ұйымдастыру, өтініштерді қарауды ұйымдастыру. Өтініштерді талдау контентін және өтініш иелері көтерген жүйелі проблемаларды анықтау, облыс аудандары мен елді мекендері бойынша проблемалы мәселелер картасын құрастыру.

Толығырақ

Телефон:

8 (7162) 297243

Электрондық пошта:

kokishev_kk@aqmola.gov.kz

Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөлімі

Жұмылдыру дайындығы және облысты жұмылдыру, сондай-ақ аумақтық қорғаныс жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, облыс экономикасын және мемлекеттiк органдарды, ұйымдар мен кәсiпорындарды жұмылдыру жағдайында, әскери жағдай және соғыс уақытында жұмыс iстеуге көшiру жөнiндегi кешендi iс-шараларды iске асыру жұмыстарын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру. Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласында уәкiлеттi органмен облыстың жұмылдыру жоспарларын және аумақтық қорғаныс жоспарларын келiсу. Құзыреттiлiгiнiң аясында орталық атқарушы органдармен және олардың аумақтық бөлiмшелерiмен, мемелкеттiк органдармен, ұйымдармен және кәсiпорындармен өзара әрекет етудi қамтамасыз ету. Республикалық және облыстық штабтық жаттығуларды, жұмылдыру және аумақтық қорғаныс саласында оқуларды дайындау және өткiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру. Төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезiнде оның салдарын жою және шығынын төмендету бойынша шараларды әзiрлеу және шаралар қабылдау жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру. Апаттарды, төтенше жағдайларды тексерiп-тергеуге қатысу. Аэроғарыштық қызмет саласындағы қауiпсiздiк жөнiндегi iс-шараларды үйлестiру.

Толығырақ

Телефон:

8 (7162) 29 72 94

Электрондық пошта:

@aqmola.gov.kz

Ішкі аудит қызметі

Функционалдық мiндеттерi: Мемлекеттiк органда, ведомстволық бағынысты ұйымдарында оның қызметiнiң барлық бағыттары бойынша тиiмдiлiк аудитiн жүргiзу. Мемлекеттiк органда және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелерiнде сәйкестiк аудитiн, сондай-ақ мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерi, оның ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелерi қызметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкестiгiне аудит жүргiзу.

Толығырақ

Телефон:

8 (7162) 297363

Электрондық пошта:

karimov_rr@aqmola.gov.kz

Баспасөз қызметі

Облыс әкiмiнiң баспасөз қызметiн жалпы басқару. Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегiмен облыс әкiмiнiң және әкiмдiктiң қызметi туралы объективтi қоғамдық пiкiр қалыптастыру. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының жанында бұқаралық ақпарат құралдарының журналистерiн аккредиттеу қағидаларына сәйкес аккредиттелген журналистармен жұмыс ұйымдастыру. БАҚ аккредиттеу, ақпаратқа қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша дауларды реттеу. БАҚ-тармен жедел өзара iс-қимыл ұйымдастыру, бөлiм құзыретiне жататын мәселелер бойынша БАҚ өкiлдерiне кеңес беру. Облыстық мерзiмдiк баспасөз басылымдарының бас редакторларымен, телерадиокомпаниялардың, ақпараттық агенттiктердiң басшыларымен өзара әрекет ету, атқарушы және өкiлеттi билiк органдарының баспасөз қызметтерiмен, сондай-ақ облыстың және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттiк органдарымен өзара әрекет ету. Әлеуметтiк желiлерде облыс әкiмiнiң беделiн қамтамасыз ету. Құттықтау және өзге де жеделхаттардың мәтiндерiн, атаулы және басқа да даталар мен оқиғаларға хаттар дайындау, облыс әкiмiнiң сөз сөйлеу тезистерiн редакциялау.

Толығырақ

Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшесі

Разработка и осуществление мероприятий по обеспечению режима секретности при проведении всех видов секретных работ. Осуществление контроля и координации за исполнением требований Инструкции по обеспечению режима секретности в аппарате акима области, аппаратах акимов районов и городов области. Проведение консультативно-методической работы с сотрудниками аппаратов акимов городов и районов, областных управлений, ответственными за работу с секретными документами. Контроль за исполнением секретных документов работниками аппарата акима области, областных департаментов и управлений.

Толығырақ

Телефон:

8 (7162) 29 72 17

Электрондық пошта:

sagitova_aa@aqmola.gov.kz

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшылығы

Гендерлік саясатты жүзеге асырумен байланысты жұмыс кешенін орындау. Гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі бағдарламалардың жүзеге асырылуын бақылау. Облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастыру. Қажетті бағдарламаларды орындау, демографиялық ахуалды, гендерлік көрсеткіштерді талдау және болжау. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен, жергілікті атқарушы және өкілетті органдармен, азаматтық қоғам институттарымен, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, заңды тұлғалармен, азаматтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, халықаралық ұйымдармен отбасы мүдделерін қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау. Қоғамда гендерлік мәдениетті арттыруға бағытталған кең ауқымды ақпараттық, ағартушылық науқандарды өткізуде көмек көрсету. Отбасы, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, гендерлік теңдік мәселелері бойынша республикалық, облыстық форумдарды, конференцияларды, кеңестерді, семинарларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу. 

Толығырақ

Телефон:

8 (7162) 29 72 85

Электрондық пошта:

galimova_as@aqmola.gov.kz

Қаржы бөлімі

бухгалтерлiк есеп жүргiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру, материалдық құндылықтардың сақталуына және қаржы қаражатының шығындалуына бақылау жүргiзу, облыс әкiмiнiң аппаратын материалды-техникалық қамтамасыз ету.

Толығырақ

Ақпараттық технологиялар бөлiмi

Бөлiм жұмысын жалпы басқару. Облыс әкiмiнiң және облыс әкiмi аппаратының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметiн қамтамасыз ету. Облыс әкiмi аппаратының, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерi аппараттарының техникалық құралдарды, бағдарламалық қамтамасыз ету және жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгiзудi тиiмдi пайдалануға талдау жүргiзу. Ақпараттық технологияларды енгiзу бөлiгiне қатысты жоғары тұрған органдардың құжаттарын, облыс әкiмдiгiнiң қаулыларын, облыс әкiмiнiң және облыс әкiмi аппараты басшысының өкiмдерiн, шешiмдерi мен тапсырмаларын орындау және бақылау. «Сайлаушы» автоматтандырылған ақпараттық жүйенi жүргiзу. Облыс әкiмi аппаратының Web-ресурсының қызмет көрсетуiн қамтамасыз ету. Жергiлiктi атқарушы органдардың «электрондық үкiмет», «электрондық әкiмдiк», электрондық құжатайналымының қызмет етулерiн қамтамасыз ету, көрсетiлген мәселелерге қатысты тапсырмаларды орындау.

Толығырақ

Мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі

Бөлiм жұмысын жалпы басқару. Әкiмнiң (шешiмдер, өкiмдер) және облыс әкiмдiгiнiң (қаулылар) құқықтық актiлерi жобаларының құқықтық сараптамасын жүргiзу. Әкiмнiң шешiмдерiн және өкiмдерiн, облыс әкiмдiгiнiң қаулыларын шығару кезiнде, облыс әкiмiмен және облыс әкiмi аппаратының басшысымен келiсiмдерге және шарттарға қол қою барысында құқықтық қамтамасыз етудi атқару. Облыс әкiмi аппаратының, облыс әкiмi мен әкiмдiгiнiң наразылық талап-арыз жұмысын жүргiзу. Құқықтық мәселелер бойынша әдiлет органдарымен, құқық қорғау және сот органдарымен, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкiмдiктерiмен, мемлекеттiк органдармен өзара қарым-қатынастарды қамтамасыз ету. Облыс әкiмiнiң, оның орынбасарларының, облыс әкiмi аппараты басшысының тапсырмасы бойынша қорытындыларды, басқа да құжаттарды дайындау, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiмен жұмыс iстеу. Құқықбұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрес, терроризм мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша құқық қорғау органдарымен өзара әрекет ету.

Толығырақ

Телефон:

8 (7162) 29-72-36

Электрондық пошта:

@aqmola.gov.kz

Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі)

Кадрларды таңдау және орналастырумен байланысты жұмыстарды, мемлекеттiк қызметтi өткеру, кадрлық резервтi тиiмдi толықтыру мәселелерiн ұйымдастыру және бақылау, конкурстарды және мемлекеттiк қызметшiлердi аттестациялауды ұйымдастыру.

Толығырақ

Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi

Бөлiм жұмысын басқару, облыс әкiмi мен әкiмдiгiнiң және облыс әкiмi аппаратының қызметтерiн құжаттамалық қамтамасыз етiлуiн ұйымдастыру. Елбасының, Президент Әкiмшiлiгiнiң, Премьер-Министрiнiң, Үкімет Аппаратының тапсырмаларын уақытында орындалуын бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Documentolog бағдарламаласын жүзеге асыруды, құжаттандырудың қазiргi кездегi электрондық технологиясын пайдалануды қамтамасыз ету, құжаттар мен құжат айналымының есебiн жүргiзу, облыс және аудандар мен қалалар әкiмдiктерiнде, облыстық басқармалар мен ведомстволарда iс жүргiзудi жетiлдiру.

Толығырақ

Мемлекеттiк қызметтердің ұсынылуын талдау бөлiмi

Мемлекеттiк қызметтiң жекелеген түрлерiн ұсыну жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысты орындайтын мемлекеттiк органдардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметтерiн үйлестiру.

Толығырақ

Ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімі

Облыс әкiмi мен әкiмдiгiнiң қызметiн ұйымдастырушылық қамтамасыз ету. Бақылаулы құжаттар мен тапсырмалардың орындалуы жөнiнде басшыларды хабардар ету. Облыс әкiмiнiң қатысуымен өтетiн шараларды дайындау және өткiзудi қамтамасыз ету. Ұйымдастыру-инспекторлық бөлiмiнiң жұмысына әдiстемелiк және шұғыл басшылық жасау. Облыс өңiрлерiндегi ахуал бойынша басшыларды хабардар ету. Елбасы, Қазақстан Республикасы Үкiметi, орталық мемлекеттiк органдар тапсырмаларын

Толығырақ

Телефон:

8 (7162) 29 72 41

Электрондық пошта:

razin_sl@aqmola.gov.kz