«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» № 57 бұйрығына сәйкес Аршалы, Жарқайың, Целиноград аудандарының және Степногорск қ. коммуналдық мемлекеттік мекемелер (әрі қарай - КММ) және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар (әрі қарай - МКҚК) басшыларының лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.