«Ақмола облысы мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №А-7/249 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысына, «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарынының үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) сәйкес Ақмола облысының білім басқармасы «Ақмола облысы мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №А-7/249 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8590-03 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізу қажеттігін хабарлайды:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған Ақмола облысының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленушілердің келесі жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындар толық көлемде өтелсін:
жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
мүгедектігі бар балаларға;
атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;
көп балалы отбасылардан шыққан балаларға.».
Қаулы жобасымен төмендегі сілтемеге өту арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14766146

 

Дата публикации
27 октября 2023