Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға не ұсынуы тиіс? Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін нақты көрсете отырып, дәлелді жауап жібереді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының келіспеген жағдайда шешімге сотқа шағымдануға мүмкіндігі бар.
Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Сіз тізімде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жеке қабылдауына жазыла аласыз. «Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз
Азаматтарды қабылдау орталығы
өз қызметін мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандырылған алаң ретінде жүзеге асырады.
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көру"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" Мемлекеттік көрсетілетін қызметі электрондық түрде көрсетіледі, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы беріледі. www.egov.kz. көрсету мерзімі: бірінші кезең-12 жұмыс күні, екінші кезең-3 жұмыс күні.
"Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту"мемлекеттік қызметі қандай мерзімде көрсетіледі? "Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін көрсету мерзімі 4 жұмыс күні.