Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға не ұсынуы тиіс? Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін нақты көрсете отырып, дәлелді жауап жібереді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының келіспеген жағдайда шешімге сотқа шағымдануға мүмкіндігі бар.
Жиі қойылатын сұрақтар
"Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту"мемлекеттік қызметі қандай мерзімде көрсетіледі? "Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін көрсету мерзімі 4 жұмыс күні.
"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" Мемлекеттік көрсетілетін қызметі электрондық түрде көрсетіледі, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы беріледі. www.egov.kz. көрсету мерзімі: бірінші кезең-12 жұмыс күні, екінші кезең-3 жұмыс күні.