Құрылым
"Бұланды ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімі
Бөлім жұмылдыру дайындығы, жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс саласындағы іс-шараларды ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады, сондай-ақ Бұланды ауданының аумағында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қорғау жөніндегі іс-шараларға қатысады.
Бөлім басшысы:
Оразбаев Талғат ҚайноллаұлыТелефон:
8716-46-2-15-49Электрондық пошта:
goichs_bulrai@aqmola.gov.kАудан әкімінің Баспасөз қызметі
Аудан әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі — БАҚ)байланысын қамтамасыз етеді; жергілікті атқарушы органдардың БАҚ-пен жұмысын үйлестіру, Аудан әкімі мен аппаратының қызметін объективті және толық жариялауды ұйымдастырады. Әр түрлі қоғамдық-маңызды іс-шараларда қала әкімінің сөз сөйлеуіне тезистер мен материалдарды, сондай-ақ кәсіби мерекелерге, мерейтойларға және басқа да оқиғаларға орай қала әкімінің құттықтау хаттарын, алғыс хаттарын, Құрмет грамоталарын дайындау. Бұланды ауданы әкімдігі сайтының ақпараттық жұмысын қамтамасыз етеді.
Қаржы-шаруашылық бөлімі
Аудан әкімінің аппаратында республикалық және жергілікті бюджеттердің бюджеттік бағдарламаларын орындау бойынша бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыру және жүргізу. Мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету.
Бөлім басшысы:
Жүнісова Айтжан АйтымқызыТелефон:
8(71646) 2-21-56Электрондық пошта:
aizh.zhunusova@akmola.gov.kzМемлекеттік қызмет көрсетуді талдау және ақпараттық технологиялар бөлімі
«Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы заңының нормаларының сақталуын бақылау. Аудандағы мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Ауданның жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмысты жүргіздіруді бақылау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сұрақтары бойынша жергілікті мемлекеттік органдарға кеңестік, методикалық көмек көрсету. Ауданның жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз етуді бақылау. Аудан әкімдігінің интернет - ресурстарында, сондай-ақ аудан азаматтарының қол жетімді бос орындарында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің стандарттарын орналастыруды бақылау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында жұмыс атқаратын мамандардың біліктіліктерін уақытылы жетілдірілуін бақылау.
Жалпы бөлім
Аудан әкімінің аппаратында іс жүргізудің бірыңғай тәртібін жүргізуді қамтамасыз ету және дербес бөлімдерде, ауылдық округтар әкімдерінің аппараттарында осы жұмысқа әдістемелік басшылық жасау; құжаттарды тиісті уақытында қарауды ұйымдастырады, басшыға қол қоюға ұсынылатын құжаттардың ресімделуін бақылауды жүзеге асыру. Құжаттардың белгіленген мерзімде орындалуын бақылауды жүзеге асырады, құжаттардың орындалу нәтижелері туралы аппарат басшысын тұрақты түрде хабардар ету; бақылау-анықтама және басқа картотекаларды жасақтау және жүргізу. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындауды қамтамасыз ету. Келіп түскен өтініштерге ақпараттық-талдамалық шолу.
Бөлім басшысы:
Жұмаділова Бағдат ТөлеубекқызыТелефон:
8(71646) 2-27-57Электрондық пошта:
b.zhumadilova@akmola.gov.kzЗаң қызметі
Аудан әкіміне енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің, шарттар мен келісімдердің ҚР Заңнамалары талаптарына сәйкестігіне құқықтық сараптама өткізу. Аудан әкімі аппаратының қызметін құқықтық қамтамасыз ету.Әкімнің және аудан әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау мәселесіне байланысты аппарат, селолық округтер және жеке бөлім қызметкерлеріне кеңес беру. ҚР Президентінің, Үкіметінің, жоғарғы органдардың,аудан әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын бақылау. Сот органдарында және басқа да ұйымдарда аудан әкімінің, аудан әкімі аппаратының мүдделерін қорғау. Наразылық-талап жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу,мемлекеттік органның мүдделерін сотта ұсыну. Нормативтік құқықтық актілердің жобасын, оларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеу. Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша үйлестіру кеңесінің, комиссия отырыстарының жұмысын ұйымдастыру, жалпы құқықтық білім беруді ұйымдастыру.
Бөлім басшысы:
Муллахметова Наталья СтаниславовнаТелефон:
8(71646) 2-29-30Электрондық пошта:
gpo_bulandy@akmola.gov.kzҰйымдастыру-бақылау бөлімі
Әкімдіктің және аудан әкімі аппаратының іс-әрекетін ұйымдастырушылық тұрғыда қамтамасыз ету. Қоғамдастықпен, аудандық және облыстық өкілдік органдармен, сондай-ақ, аудандығы жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен облыс әкімінің ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын жүзеге асыру. Аудан өңірлеріндегі істің ахуалына талдау жасау. Проблемаларды анықтау, оларды шешу бойынша ұсыныстарды жинау, аудан әкімінің қатысуымен іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету.
Бөлім басшысы:
Ғабдулина Жанар НұрхамитқызыТелефон:
8(71646) 2-12-45Электрондық пошта:
bul_org@akmola.gov.kzБірынғай персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет)
Бөлімнің қызметіне басшылық ету. Кадрларды іріктеу және орналастыру, кадрлық резервті тиімді толықтыру, мемлекеттік қызметшілердің конкурстары мен аттестаттауға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру, бақылау және үйлестіру.