Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2023 жылы көрсетілген мемлекет қызмет көрсету бойынша есебі
Көру саны:78
Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2023 жылы көрсетілген мемлекет қызмет көрсету бойынша есебі
- Жалпы мәліметтер
1.Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер-
ұйымның атауы Біржан сал ауданының "Жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" ММ
Орналасқан жері Ақмола облысы, Біржан сал ауданы,
Степняк қаласы, Біржан сал көшесі, 76,
байланыс телефоны: 8 (71639)2-21-29
Жетекшісі Бейсенбаева Жадра Жеңісқызы
Мемлекеттік қызметті көрсететін мамандар Бейсембаева Айнұр Сағидоллақызы,
Шакенов Рүстем Қайратұлы,
Анисисмова Татьяна Анатольевна,
Алпысова Толқын Серікқызы.
.
Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ведомстволық бағынысты мекемесінің 2023 жылғы арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде (бұдан әрі – есеп) мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтің 24 түрін және 31 түршелерін көрсетеді.
Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ өзіне-өзі қызмет көрсетудің «E-gov» 1 бұрышы орнатылған. 2023 жылы Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 789, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы АҚ арқылы - 301, электрондық үкімет порталы арқылы – 317, көрсетілетін қызметті беруші арқылы тікелей қағаз түрінде – 0, электрондық нысанда көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысу және өтінішті ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы -171 қызмет.· .Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат. «Еңбек иммигрантына рұқсат беру, ұзарту және қайтарып алу», «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау», «Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу», «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу», «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру», «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру».
- Қызмет алушылармен жұмыс:
- Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсететін бағынысты мекемесінің стендінен, сонымен қатар Біржан сал аудан әкімінің ресми сайтында, аудан әкімінің Instagram және Fаcebook парақшаларында алуға болады.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Жария талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есептер жергілікті атқарушы органның интернет ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады
- Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)
«Aqmola adaldyq alańy» жобаларының аясында қызмет көрсету аудан әкімдігінің әлеуметтік желілерінде мемлекеттік орган қызметкерімен халыққа қажетті қызметтерді көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша 3 тікелей эфир өткізілді, мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерімен 3 дөнгелек үстел өткізілді
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
- Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша)
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
- Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, «сервистік мемлекет» моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға мынадай іс-шаралар жоспарланды:
- 2023 жылға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының қоғамдық мониторингісінің қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша шара қолдану;
- көрсетілетін қызметті берушілердің қызметкерлерін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша арнайы оқыту өткізу;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы түсіндіру іс-шараларын өткізу;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы сақтаудың мәніне бақылау іс-шараларын өткізу;
- «Электронды үкімет» порталы арқылы өтініштердің санын арттыру;
- мемлекеттік қызметтердің уақытында көрсетілуіне уақытылы мониторинг жүргізу;
- көрсетілетін қызметті алушылар шағымдарының уақытында қаралуын қамтамасыз ету, өтініш білдіруге негіз болған себептер мен жағдайларды жою бойынша дәйекті шаралар қолдану;
- мемлекеттік қызметтерді көрсетуде бас тартулар бойынша коммуникациялық желілер арқылы (телефон, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және т.б.) көрсетілетін қызметті берушілерімен кері байланысты орнату;
- танымал әлеуметтік желілер, мерзімдік баспа басылымдары арқылы «электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі және уәждемені күшейту туралы халықты ақпараттандыру қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қолданылатын ескірген компьютерлік техниканы жаңарту.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратты 87163922129, 87163921362 телефондары арқылы алуға болады немесе Біржан сал ауданы, Степняк қ., Біржан сал көшесі, 76 үй мекен жайы арқылы алуларыңызға болады. 2024 жылдың ақпан-наурыз айларында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік мекеме қызметінің есебін жария талқылау жүргізіледі: 2023 жылғы есеп аудан әкімінің сайтында және аудандық газеттерде орналастырылады. Мемлекеттік мекеменің қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы пікірлерді, ұсыныстарды, ескертулерді аудан әкімінің сайтындағы арнайы блогқа орналастыруға болады www.enbek-akmol.gov.kz немесе уәкілетті органның орналасқан жері бойынша.
Бөлім басшысының м.а А. Бейсембаева