Біржан сал ауданының Анғал батыр ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы қауылы
Ақмола облысы Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Степняк қ. № 1/3 2024 жылғы 10 қаңтар
Біржан сал ауданының Анғал батыр ауылдық округі әкімін
сайлау бойынша сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Біржан сал ауданының Анғал батыр ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі – Анғал батыр ауылдық округі шегінде Анғалбатыр сайлау округі құрылсын;
- Сайлау округінің тізімі, оның шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Еңбекшілдер жаршысы» газетінде жариялансын.
Аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы С. Шәуенов
Аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы Қ. Ақышев
20
10 қаңтар 2024 12:35
10 қаңтар 2024