Астрахан ауданы
Жалпы сипаттамасы
Аудан 1936 жылы құрылды.
Ауылдың өз тарихы бар. 1895-1897 жылдары Астрахан ауданының алғашқы тұрғындары Астрахань губерниясынан келген қоныс аударушылар болды, сондықтан да ауыл Астраханка атауын алды. 1912 жылға қарай халықтың саны 126 дейін өсті. 1927 жылы жеке шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарын жаппай ұжымдандыру басталды да, 1929 жылға қарай 5 колхоз құрылды.
1936 жылы аудан орталығы Астрахан с. ауыстырылды. Міне осы күнге дейін аудан аяғынан нық тұр.
Табиғи-климаттық жағдайлары
Аудан орналасқан аумақтағы климат аязды қысымен және құрғақшылық жазымен күрт-континентальды. Ылғалдың орташа жылдық мөлшері, оның әр жылдарда едәуір ауысуымен жылына 318 мм құрайды. Ылғал сәуір, тамыз, қыркүйек айларында көбірек, ал қаңтар, ақпан айларында азырақ мөлшерде түседі. Күзде аяздарды байқауға болады.Астрахан ауданының көбірек бөлшегі рельефтік қатынаста шоқылармен ауысып отыратын жазық болып келеді. Аудан аумағы арқылы Есіл өзені ағып өтеді, жергілікті маңыздағы шағын көлдер бар.
Өсімдік және мал әлемі әр түрлі. Табиғи шабындықтар негізінде өзендердің жағалауында және көлдердің айналасында орналасқан.
Аудан аумағы қоңыр топырақты аймақта орналасқан. Күңгірт қоңыр топырақ осы аумақта қайталануымен және ала-құлалығымен ерекшеленеді. Аймақтық топырақтан басқа нитроаймақтық: көгалды- аллювиалды, көгалды-батпақты және тұздақ топырақтар таралуда.
Су қорының ауданы 12742 га. Олардың су астындағысы 3222 га, өзендер 8167 га ауданды құрайды, жасанды су қоймасы (тоғандар, үңгілер) 1353 га. Жер үсті көздеріндегі судың жалпы қоры 194 миллион куб метр. Аудан аума-ғынан Есіл өзені және Колутон, Боқсық, Аршалы сияқты шағын өзендер ағып өтеді. Өзендердің саны 39, олардың Ұзынкөл, Баршын, Алакөл сияқты едәуір үлкендерінің ауданы 1300-ден 2000 га дейін.
Шағын өзендер сумен су тасқыны кезінде ғана толады, ал жазғы уақытта кеуіп қалады. Аудан аумағында бұрын мал суару үшін салынған 116 жасанды су қоймасы (тоғандар, үңгілер) бар, қазіргі уақытта олардың көпшілігі бұзылып қалған, тоғандар сумен ағып кеткен, оларды қайта қалпына келтіру мақсатсыз. Сақталып қалған үлкенірек жасанды су қоймалары (тоғандар) қазіргі уақытта жалға алынған немесе айрықша пайдалануда және негізінен балық шаруашылығында пайдаланылады.
Аудан аумағындағы жер асты суларының қоры шектеулі. Сапалы ауыз суына деген аса мұқтаждық бар. Ауданның он бір елді мекені: Ұзынкөл а., Қаратүбек а., Алғабас а., Шілікті а., Зеленое с., Лозовое с., Первомайка с., Каменка с., Камышенка с., Қайнар а., Лозовое селосы Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан, олар тасымалды ауыз суын пайдаланады. Ауданның алты елді мекені трубалы колонкалардың суын пайдаланады және ірірек елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелері су құбырлары бар, су су жер асты ұңғымаларынан келеді.
Жер үстіндегі су нысандарынан су негізінен көгалдарды суару, тұрақты түрде жерді және мал суару үшін жылына көлемі 9 миллион куб метр су пайдаланылады.
Ауданда 750 мың куб метр жер асты сулары пайдаланылады.
Әкімшілік аумақтық орналасуы
Астрахан ауданы Ақмола облысының орталық бөлігінде, Көкшетау қаласының оңтүстігіне қарай орналасқан. Облыс орталығына дейінгі қашықтық 260 км құрайды, Астана қаласына дейін 130 км. Аудан аумағы арқылы республикалық маңыздағы тас жол өтеді. Жақын маңдағы Жалтыр темір жол стансасы аудан орталығынан 12 км қашықтықта орналасқан.
Ауданның аумағы 7,4 мың шаршы км құрайды. Жер пайдалануында аудан солтүстігінде Бұланды ауданының, солтүстік-шығысында – Ақкөл ауданының, шығысында Шортанды және Целиноград аудандарының, оңтүстігінде – Қорғалжын және Егіндікөл аудандарының, батысында Атбасар ауданының жерлерімен шекараласады.
Ауданның халқы 25,9 мың адамды құрайды, оның барлығы да ауыл тұрғындары. Аудан экономикасының құрылымында ауыл шаруашылығы 80% шамасында орын алады.
Аудан аумағында 11 ауылдық округ және 1 ауыл, 35 елді мекен орналасқан.
Әкімшілік аумақтық орналасуының негізгі міндеті кеңстікті дамытуды реттеудің замани талаптарына жауап беретін, аумақтарды тиімді басқарудың схемасын қалыптастыру болып табылады.