Конкурс өткізу туралы хабарландыру (27 қараша 2020 жыл)

Конкурсты ұйымдастырушы: «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорғанқаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26;

Пошталық мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26;

Электрондық поштасы: kense@almreg.kz;  байланыс телефоны 8 (7282) 329558;

Конкурстың нысанасы: "Бизнестіңжол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік  бағдарламасы шеңберінде жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

Байқаутүрі: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорғанқаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26;

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекен жай бойынша жеке өзі, пошта арқылы, электрондық нысанда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінімді және конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2020 ж. "27" қарашадан бастап 2020 ж. "4" желтоқсанына дейін жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: 2020ж. "27" қараша сағат 10.00-ден бастап (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: 2020 ж. "04" желтоқсан сағат 13.00-ге дейін (жергілікті уақыт).

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен  өтінімдер қабылданбайды.

 

Жүктеп алуға арналған құжаттар:

Хабарландыру

Қажетті құжаттар

ЭҚЖҚ -2025

Шарттары

Жарияланған күні

18 қараша 2020

Жаңарту күні

18 қараша 2020

Жарияланымның авторы