
2025 жылдың қаңтар-қырқүйек айлары аралығында жалпы өңірлік өнім көлемі ағымдағы бағамен 4677463,0 млн.теңгені құрады. 2024 жылдың қаңтар-қырқүйек айларымен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 4,5% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі – 41,3%, ал қызметтер көрсету – 47,7% құрады.
Тұтыну баға индексін 2026 жылдың ақпанымен 2025 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 102,4% құрады.
Азық-түлік тауарларының бағасы 2,2%, азық–түлік емес тауарлардың 2,5%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы 2,9% өсті.
2026 жылдың ақпанымен 2025 жылдың желтоқсанын салыстырғанда өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 1,9% қымбаттады.
2026 жылдың қаңтар-ақпанындағы бөлшек сауда көлемі 117282,9 млн. теңгені немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,9% құрады.
2026 жылғы қаңтар-ақпанындағы көтерме сауда көлемі 212083,3 млн. теңгені немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 131,1% құрады.
Алдын ала деректер бойынша 2026 жылдың қаңтарында ЕАЭО елдерімен өзара сауда 83 млн. АҚШ долларын құрап, 2025 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 2% артты, экспорт 34,7 млн. АҚШ долларын (13,2% кеміді), импорт 48,3 млн. АҚШ долларын құрады (16,7% көбейді).
Мемлекеттік гранттарды мемлекет «Бизнес жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) шеңберінде мемлекеттік гранттар беруге шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері (Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы) арқылы береді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 Қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 20-тармағына сәйкес конкурстық іріктеуге құжаттарды толық көлемде ұсынған ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, жас кәсіпкерлер, әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар гранттар беруге арналған конкурстық іріктеудің қатысушылары бола алады. Конкурс бюджет қаражаты болған жағдайда жылына кемінде 2 рет өткізіледі. Өтінімдерді қабылдау мерзімі мен орны конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі. Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі облыстың өңірлік апта сайынғы баспа басылымында бизнес-идеяларды қаржыландыруға мемлекеттік гранттар беру мақсатында кәсіпкерлерді іріктеу үшін конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауды жүзеге асырады. Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы 2 (екі) млн.теңгеден 5 (бес) млн. теңгеге дейін құрайды.
ҚР-да шетелдік мамандарды шақыру алгоритміне сәйкес қолдаухат негізінде облыс әкімдігі уәкілетті орталық мемлекеттік органмен келісу бойынша ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына ұсыныс шығаруды жүзеге асырады.
Алматы облысының инвестициялық жобалары бойынша ақпарат беру.