Меню

Страницы

Статья

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1565542,0 млн. теңгені құрады, 2023 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 6,4% артты.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,2%, өңдеу өнеркәсібінде 6,1%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 13,3%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 4% өсу белгіленді.

2024 жылғы қаңтар- қазанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 576492,3 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар- қазанмен салыстырғанда 100,1 % құрады.

2024 жылғы қаңтар-қазанда  көліктің жүк айналымы 16317,9 млн. ткм. (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен) немесе 2023 жылдың қаңтар-қазанмен салыстырғанда 95,9% құрады.

Жолаушы айналымы –1265,2 млн. жкм. немесе 2023 жылдың қаңтар-қазанмен салыстырғанда 165,2% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 274271.6 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-қазан салыстырғанда 23% өсті.              

2024 жылғы қаңтар-қазанда  пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 3,7% көбейді, 838,2 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 13,6% (273,4 шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 0,5% (564,6 мың шаршы метр) азайды.

2024 жылғы қаңтар-қазанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 677919 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-қазанмен салыстырғанда 23,8% өсті.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 карашадағы жағдай бойынша 21049 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 106,4% көбейді, оның ішінде 160 адамнан кем қызметкерлері барлар 20559 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 17848 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 17360 бірлік. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 17877 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 107,1% көбейді.

https://stat.gov.kz/region/almatyobl/

Дата публикации
26 ноября 2024
Дата обновления
26 ноября 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы