2025 жылдың қаңтар-қырқүйек айлары аралығында жалпы өңірлік өнім көлемі ағымдағы бағамен 4677463,0 млн.теңгені құрады. 2024 жылдың қаңтар-қырқүйек айларымен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 4,5% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі – 41,3%, ал қызметтер көрсету – 47,7% құрады.
Тұтыну баға индексін 2026 жылдың ақпанымен 2025 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 102,4% құрады.
Азық-түлік тауарларының бағасы 2,2%, азық–түлік емес тауарлардың 2,5%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы 2,9% өсті.
2026 жылдың ақпанымен 2025 жылдың желтоқсанын салыстырғанда өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 1,9% қымбаттады.
2026 жылдың қаңтар-ақпанындағы бөлшек сауда көлемі 117282,9 млн. теңгені немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,9% құрады.
2026 жылғы қаңтар-ақпанындағы көтерме сауда көлемі 212083,3 млн. теңгені немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 131,1% құрады.
Алдын ала деректер бойынша 2026 жылдың қаңтарында ЕАЭО елдерімен өзара сауда 83 млн. АҚШ долларын құрап, 2025 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 2% артты, экспорт 34,7 млн. АҚШ долларын (13,2% кеміді), импорт 48,3 млн. АҚШ долларын құрады (16,7% көбейді).