
Талғар аудандық жастар ресурстық орталығы «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы негізінде қызмет атқарады.
Ресми статистикалық мәлімет бойынша Талғар ауданында 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 49396 адамды құрайды. Оның ішінде, қала жастары- 11848 – 23,9%, ауыл жастары – 37548 – 76%, 4914 арнайы кәсіптік білім беретін орындардың студенттері, 2300 – «Жас Отан» ЖҚ мүшелері, 2 – жастар үкіметтік емес ұйымдары бар. Оның ішінде: қыздар 25680, ұлдар 23716.
Ауданда жастар ресурстық орталығы 2013 жылдан бастап қызмет атқарады. 2014 жылдан бастап қала және ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушылар қызмет етіп келеді.