Ресми статистикалық мәлімет бойынша Талғар ауданында 14 пен 35 жас аралығындағы жастардың саны 69396 адамды құрайды. Оның ішінде, қала жастары- 16398– 23,63%, ауыл жастары – 52998 – 76.37%, ұлдар саны- 32125, қыздар саны-37271. Ауданда 5колледж бар, 4388 студент білім алуда. Жастар үкіметтік емес ұйымдары саны-5.
Ауданда жастар ресурстық орталығы 2013 жылдан бастап қызмет атқарады. 2014 жылдан бастап қала және ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушылар қызмет етіп келеді.
Жетістіктер:
Халықаралық волонтерлер күнін мерекелеу аясында Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының биылғы жеңімпаздарын анықтау бойынша “Игі істер марафоны” жобасы аясында «Жүректен жүрекке» номинациясы бойынша Талғар ауданының жастар ресурстық орталығы марапатталды. «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін» номинациясы бойынша: Талғар ауданы жастар ресрустық орталығының маманы – Туысқанова Жібек Ержанқызы, «Жоғалғандарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін» номинациясы бойынша «Lider.kz» еріктілер қозғалысы,
«Үздік әлеуметтік көмекші» номинациясы бойына Аукен Айдос Бегланұлы, «Жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «Vector» жастар одағы марапатталды.
Алматы облысы әкімінің «UMTYLYS» -2026 жастар сыйлығы байқауынан Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер- нұсқаушысы Дүйсен Айнұр Болатқызы
Алматы облысы әкмінің “Заңғар жастар сыйлығын Талғар ауданы бойынша 6 жас жеңімпаз атанды!
«Үздік жас мемлекеттік қызметші» Курбанова Асель Ярмагаметқызы
«Үздік жас спортшы» Мұхтасив Юсуф Бағытжанұлы
«Үздік жас волонтер» Аукен Айдос Бегланұлы
«Үздік жас дәрігер» Хамидолла Арайлым Кенжағалиқызы
«Үздік жас кәсіптік маман» Таласбай Алмат Берікұлы
«Үздік жас кәсіпкер» Юсупова Меруерт Маратовна