Ауданда жастар ресурстық орталығы 2013 жылдан бастап қызмет атқарады. 2014 жылдан бастап 1 қала және 10 ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушылар қызмет етіп келеді.
Ресми статистикалық мәлімет бойынша Талғар ауданында 14-35 жас аралығындағы жастардың саны – 69 390-ды құрап отыр. Оның ішінде әйел- 38120, ер -31270 азаматтар. Қала жастары-16398, 24 пайызды құрайды. ауыл жастары-52992, 76 пайызын құрайды. Талғар ауданы бойынша 5 колледж бар, 4215 студент білім алуда.