Жиі қойылатын сұрақтар

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақтан Республикасы Жер кодексінің  44-1 – бабына сәйкес елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскелерін жеке немесе заңды тұлғалардың өтініші бойынша жергілікті атқарушы орган және оның сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшесі береді.«Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес сұралып отырған жер учаскесі орналасқан жергілікті атқарушы органға жазбаша өтінішпен жүгінці қажет.Сәулет және қала құрылысы қызметі мен жер комиссиясының оң қорытындысы негізінде ауылдық округ немесе қала әкімі өз шешімімен нақты жер учаскесіне құқық береді.