Құрылым

"Іле ауданының Ақсай ауылдық округі әкімі аппараты" ММ

1954 жылдың көктемінде Алматы қаласынан 45 шақырым жерде Коммунистік партияның шақыруы бойынша адамдар тың игере бастады. Геодезистер мен құрылысшылар екі өзеннің жайылмасында орын таңдады: Ақсай және Қаскелен өзені ортасына ауыл салып, оған "Междуреченское" атты әдемі атау берді. Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 15-76 бірлескен шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 31 қаңтардағы №39 қаулысымен ауыл Ақсай болып өзгертілді. 

 

Толығырақ

Телефон:

8(727)52-46-3-94

Электрондық пошта:

b.tureev@almobl.gov.kz

"Іле ауданының Байкент ауылдық округі әкімі аппараты" ММ

1929 жылы біздің ауылға аты аңызға айналған қолбасшы В.И.Чапаевтың есімі берілді, Чапаев ауылы.
Соғыстан кейін олар бақша дақылдарының егіс алқаптарын кеңейте бастады. Олар шошқа фермасы, сүт фермасы және құс фабрикасын салуды бастады.
1954-1955 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеру басталды. Іле астық фермасы құрылып, Чапаев ауылы кеңшардың филиалына айналды.

Алматы облысы мәслихатының 2024 жылғы 31 қаңтардағы №15-76 шешіміне және 2024 жылғы 31 қаңтардағы №39 қаулысына сәйкес, «Чапаев» ауылы «Байкент» ауылдық округі болып қайта аталды.

Толығырақ

Телефон:

8(72752)77380

Электрондық пошта:

a.kaliev@almobl.gov.kz

"Іле ауданының Күрті ауылдық округі әкімі аппараты" ММ

Күрті ауылдық округі аудан орталығы - Өтеген батыр кентінің солтүстік батысында 130 км жерде, Күрті өзенінің оң жағалауында орналасқан. Халқының саны - 5384 адам, ауыл Бозой мен Қараой үстірті жазықтарының қуаң агроклиматтық белдемде жатыр.
Ақши ауылы алғаш рет 1933 жылы «Қызыл қабақ» бор өндіру артелі болып құрылған.
1997 жылы 25 маусымда Күрті ауданы таратылып, Ақши ауылы Іле ауданының құрамына кіріп, Ақши және Күрті ауылдарын біріктірген Күрті ауылдық округі болды. 

Толығырақ

Телефон:

(872757) 2-41-72

Электрондық пошта:

g.rakhimbai@almobl.gov.kz

"Іле ауданының Боралдай кенті әкімі аппараты" ММ

БОРАЛДАЙ кенті аудан орталығы - Өтеген батыр кентінің оңтүстік-батысында 20 шақырым жерде орналасқан. Іргесі 1929 жылы «Түрксіб» темір жолынын салынуына байланысты қаланған. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк ономастика комиссиясының 1995 жылғы 4 сәуiрдегi шешiмi, Алматы облыстық мәслихатының 1998 жылғы 24 шілдедегі № 21166 шешімі негізінде Боралдай атауы берілген. Тұрғын саны - 36300 адам (01.01.2022 жыл).

Толығырақ

"Іле ауданының Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

«Іле  ауданының Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  жергілікті атқарушы орган, ауыл аумағында жергілікті басқару фукциясын жүргізеді, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

Толығырақ

"Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты" ММ

Ащыбұлақ ауылдық округі — Алматы облысы Іле ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Төле би, Мұхаметжан Түймебаев, Жәпек батыр, Көкқайнар ауылдары кіреді. Орталығы - Мұхаметжан Түймебаев ауылы. Округтің тарихына үңілсек тұрғындарының  ерлікке парапар жасампаз еңбегінің жетістігіне толы тарихына тәнтті боласыз.Округ орталығы Түймебаев атындағы ауыл 1927-1928-шы жж. «№13 Каучук совхозы» деп аталған. 1944-1948 жж. «Плодоовощной» совхозы,1948 ж. бастап «Винсовхоз» 1-ші бөлімі  деп аталып, 1977ж. «Винсовхоз» болып аталды.Киелі мекеннен еңбегімен ер атанған талай азаматтар шықты.

Толығырақ

"Іле ауданының Өтеген батыр ауылдық округі әкімі аппараты" ММ

«Іле ауданының Өтеген батыр ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімнің аппараты) жергілікті атқарушы орган, ауыл аумағында жергілікті мемлекеттік басқару функциясын жүргізеді, ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

 
 
Толығырақ

"Іле ауданының Асқар Тоқпанов ауылдық округі әкімі аппараты" ММ

«Іле ауданының Асқар Тоқпанов ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімнің аппараты) жергілікті атқарушы орган, ауыл аумағында жергілікті мемлекеттік басқару функциясын жүргізеді, ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

 
Толығырақ

"Іле ауданының Байсерке ауылдық округі әкімі аппараты" ММ

«Іле ауданының Байсерке ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімнің аппараты) жергілікті атқарушы орган, ауыл аумағында жергілікті мемлекеттік басқару функциясын жүргізеді, ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын  мемлекеттік мекеме болып табылады.

Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Толығырақ