12 маусым 1977 жылы Шымкент облысы, Арыс ауданы, Монтайтас ауылында дүниеге келген. 1983-1994 жылдары туған ауылында Б.Онтаев атындағы орта мектебінде білім алған. 1995-1997 жылдары аралығында ҚР Ішкі әскері қатарында Отан алдындағы борышын өтеп қайтты. 1997-2002 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінде оқып жоғары білім алған, мамандығы экономист. Үйленген, 2 ұлы бар.
2005-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Монтайтас ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет атқарды.
2013-2018 жылдары Алматы облысы, Іле ауданы, Қараой ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет атқарды.
2018-2020 жылдары Алматы облысы, Іле ауданы, Қараой ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.
2020-2021 жылдары Алматы облысы, Іле ауданы, Энергетический ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.
2021-2023 жылдары Алматы облысы, Іле ауданы, Қараой ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.
2021 жылдың 25 қыркүйектен бастап «Ақсай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі.