Аудан әкімі Алтай Досумбаевтың - Жаңа жылмен құттықтауы!

Аудан әкімі Алтай Досумбаевтың - Жаңа жылмен құттықтауы!

Қымбатты аудан тұрғындары!

Баршаңызды шаттық пен қуаныш әкелетін - Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Бұл жарқын да шуақты мереке, кеудемізде ертеңгі күннің оты маздап, жаңа арман, жаңа мақсаттарға жол ашар үмітті сәт.
Әрбір жылды шығарып салар тұста өткенді ой елегінен өткізіп, жарқын жаңалықтарды, ерекше оқиғаларды еске аламыз, жылды қорытындылап, жаңа жоспарлар жайлы ойланамыз, алдымызға үлкен мақсаттар қойып, қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күтеміз. Әрдайым жоғары кәсібилігімен және еңбекқорлығымен ерекшеленіп, ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша жерлестерді белгіленген ауқымды мақсаттарды жүзеге асыруға өз үлестерін қосатындығына сенімдімін.
Жаңа 2024 жылы, тұрғындардың өмір сүру жағдайын көтеру мақсатындағы, маңызды жобалар мен
әлеуметтік бағдарламалар бойынша жұмыстар жалғасын тауып, біздің ортақ жеңістеріміз бен
жетістіктеріміздің тағы бір елеулі кезеңі болатындығына кәміл сенемін.

Ардақты ағайын!
Баршаңызды жаңа жылмен шын жүректен құттықтай отырып, Жаңа жыл әр отбасына жылулық әкелетін жасампаз мереке болсын. Жаңа жыл ынтымағы мен бірлігі жарасқан аудан халқы үшін сәтті жыл болып, әр шаңырақта береке – бірлік, шаттық пен қуаныш орнасын!

Құрметпен, Аудан әкімі Досумбаев Алтай

Қызмет бағыты