Онлайн қабылдау

Электрондық өтініштер

Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Қабылдауға жазылу

Сіз тізімде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жеке қабылдауына жазыла аласыз. «Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз

Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Некені онлайн режимінде порталда тіркеу үшін egov.kz "Отбасы" бөліміне кіруіңіз керек. "Отбасы жағдайы" бөлімінде некені тіркеуге электрондық өтініш беру" қызметін таңдайсыз. "Онлайн қызметке тапсырыс беру" батырмасын басып, жұбайыңыздың/зайыбыңыздың ЖСН көрсетіп қажет болатын өтінімді толтырып, сіздің некеңізді тіркеген тіркеу бөлімін таңдаңыз.

Бұдан әрі 1 АЕК (2020 жылғы 1 қаңтарға 1 АЕК - 2 651ТГ) мөлшерінде төлем жүргізу қажет.), "төлеу" батырмасы бойынша өтіп немесе болашақ жұбайыныңыз үшін төлем жасау қажет. Содан кейін өтінімге ЭЦҚ-мен немесе SMS-парольмен қол қою керек (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелу керек).

Болашақ жұбайы (зайыбы) порталдағы "қызметтерді алу тарихы" бөліміне кіріп, қол қоюды күтетін сұранысты таңдап, содан кейін өтінімді толтырып, оған қол қоюы керек.

Естеріңізге сала кетейік, электрондық өтініш беру үшін екі өтініш беруші де бірінші рет некеге тұруы және балалары болмауы қажет. Портал арқылы екінші және одан да көп некені тіркеуге өтініш беру мүмкін емес. Некені тіркеуді тіркеуші орган некеге тұру туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін жүргізеді.