Аудан әкімі Талғат Байедиловтың - Отбасы күні мерекесімен құттықтауы!

Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Отбасы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Отбасы – адам өмірінің алтын діңгегі, қоғамның негізгі тірегі. Береке-бірліктің бастауы да, ұрпақ тәрбиесінің мектебі де – отбасы. Әр шаңырақта сүйіспеншілік пен сыйластық, татулық пен түсіністік орнап, бала күлкісі мен ата-ана мейірімі тоғысып тұрсын.
Баршаңызға денсаулық, амандық, бақыт пен береке тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Талғат Байедилов,
Еңбекшіқазақ ауданының әкімі
Қызмет бағыты