Аудан әкімі Талғат Байедиловтың - Ораза айт мерекесімен құттықтауы!

Құрметті жерлестер!
Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін аса қадірлі, қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл ұлық мейрам – мейірім мен қайырымдылықтың, сабыр мен шүкіршіліктің, татулық пен кешірімнің айрықша көрінісі. Рамазан айында жасаған барша ізгі амалдарыңыз, ұстаған оразаларыңыз бен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!
Ораза айт әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш, бақ-береке мен молшылық әкелсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бірлігіміз бен ынтымағымыз арта берсін. Әр отбасының төрінде бақыт пен береке орнап, дендеріңізге саулық, істеріңізге табыс тілеймін.
Жақсылық пен ізгіліктің нұры жүректеріңізден орын алып, өмір жолдарыңыз әрдайым жарық болсын! Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін ізгі дәстүріміз жалғасын таба берсін.
Қасиетті айт мерекесі баршаңызға құт-береке, ырыс пен ынтымақ әкелсін!
Ораза айт құтты болсын!