Аудан әкімі Талғат Байедиловтың - Рамазан айының басталуымен құттықтауы!

Ай, Әкімшілік ғимарат, және сөздер (РАМАЗАН құтты болсын!)

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан – мейірім мен кешірімнің, сабыр мен шүкіршіліктің айы. Бұл – адам баласын ізгілікке, қайырымдылық пен жанашырлыққа үндейтін ерекше кезең. Осы қасиетті айда әр шаңыраққа амандық, молшылық пен береке тілеймін.

Еңбекшіқазақ ауданы – бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан өңір. Рамазан айы ауданымыздағы татулық пен өзара сыйластықты одан әрі нығайтып, игі істердің артуына себепші болсын.

Әрбір ораза ұстаған жанның ниеті қабыл болып, дұға-тілектері орындалсын. Жаратқан елімізге тыныштық, әр отбасына бақыт пен шаттық нәсіп етсін!

Ізгі тілекпен,
Байедилов Талғат Ескендірұлы
Еңбекшіқазақ ауданының әкімі

Қызмет бағыты