Аудан әкімі Талғат Байедиловтың - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!
Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – халқымыздың тәуелсіздігі мен бірлігін білдіретін айрықша мереке. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – барша қазақстандықтардың мақтанышы, елдігіміздің белгісі, рухани тұтастығымыздың айғағы.
Отанға деген сүйіспеншілік ең алдымен мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады. Сондықтан әрқайсымыз бұл құндылықтарды қадірлеп, жас ұрпаққа үлгі болуымыз қажет.
Баршаңызға бейбіт өмір, амандық және еліміздің жарқын болашағы жолындағы еңбектеріңізге сәттілік тілеймін!
Рәміздер күні құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
Еңбекшіқазақ ауданының әкімі
Байедилов Талғат Ескендірұлы
Қызмет бағыты