Аудан әкімі Талғат Байедиловтың - Халықаралық отбасы күнімен құттықтауы

Аудан әкімі Талғат Байедиловтың - Халықаралық отбасы күнімен құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді 15 мамыр – Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Отбасы – қоғамның іргетасы, береке-бірліктің бастауы. Тәрбиелі ұрпақ, мейірімді орта, үлгілі дәстүр – бәрі де отбасында қалыптасады. Сондықтан бұл мереке – әрбір азамат үшін ерекше мәнге ие.

Берекелі де бақытты отбасылар көп болса, еліміздің де келешегі кемел болмақ. Отбасыларымыз аман, шаңырақтарымыз шаттыққа толы болсын!

Сіздерге зор денсаулық, татулық пен бақ-береке тілеймін!

#отбасыкүні2025#отбасықұндылықтары

                                      Құрметпен, аудан әкімі Байеділов Талғат Ескендірұлы

Қызмет бағыты