Аудан әкімі Талғат Байеділовтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы!

Аудан әкімі Талғат Байеділовтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы!

Құрметті жерлестер!
Қадірменді жамағат!

Баршаңызды асыл дініміз бен салт-дәстүріміздің байланысын бекемдеп, рухани құндылығымыздың ажырамас бөлігіне айналған, күллі әлем мұсылмандары үшін айрықша қастерлі мереке — Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын!

Ораза айт – бір ай бойы ораза ұстап, ықыласпен жақсылық жасаған адамның құрметке, марапатқа ие болатын сәті.

Осы мереке күндері әр мұсылман туған-туыстары мен бауырларына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өзінің рухани дамуына зор мән береді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халқымыздың салт-дәстүрі Ислам дінінің, Рамазан айының және Айт мейрамының ұлағатымен ұштасқанын атап өтіп, бұл сабақтастық берекелі бірлігімізді нығайтып, әділетті қоғам құру жолында маңызды рөл атқаратынын атап өткен болатын.

Айт мерекесі бастауын тереңнен алады, ғасырлар қойнауынан сыр шертеді.

Халқымызды бейбітшілік пен татулыққа, өзара сыйластыққа үндейді.

Имандылық пен парасаттылықты, жасампаздық пен мейірімді дәріптеп, жақсылыққа жол ашады.

Осы күндері қайырымдылық молынан жасалады, адамдардың бір-біріне деген құрметі артады.

Осы орайда, бүгінгі мереке күні баршаңызға зор денсаулық, амандық және әр шаңыраққа құт-береке тілеймін!

Ниеттеріңіз қабыл болсын!

Ораза айт баршамызға жақсылық әкелсін!

Қызмет бағыты