Жиі қойылатын сұрақтар
Шартсыз ақшалай көмек жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндіктері шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) көрсетіледі. Оларға:
1) жалғызілікті және жалғыз тұратын табысы аз:
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар;
бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
екі айдан астам мерзімге уақытша еңбекке қабілетсіздік белгіленетін аурулары бар адамдар;
2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 22 бұйрығының 2 қосымшасына сәйкес, Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну қағидалары негізінде 14 күнге емделуге жолдама беріледі.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңының 7-бабы 1-тармағына сәйкес, адамға (отбасыға) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа кіріс пен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада отбасының әрбір мүшесіне есептегенде белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде есептейді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы»№ 320 бұйрығына сәйкес, Адам (бұдан әрі – өтініш беруші) өзінің атынан немесе отбасының атынан атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша – халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді.Тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген жағдайда, тұрғылықты жері бір елді мекен шегінде, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген күннің алдындағы алты ай ішінде уақытша болу (тұру) орны бойынша, тіркелумен расталады.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңының 2-бабы 2-тармағына сәйкес, 1) табысы аз болып табылмайтын адамдарға (отбасыларға);2) осы баптың 6-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай бойы;3) алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы алты ай бойы; 4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) – оларды ұсынған күннен бастап алты ай бойы;5) материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңының 2-бабы 1-тармағына сәйкес, жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
Статистикалық деректер бойынша 2020 жылы облыс бойынша жұмыссыздар саны 48,7 мың адамды құрайды. Жұмыссыздық деңгейі-4,8%, жастар жұмыссыздығы деңгейі – 3,4%.Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында облыста халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша белсенді шаралар жүргізілуде. Оның ішінде "Еңбек" бағдарламасы аясында 2020 жылы жастар арасынан 20063 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Кәсіптік оқумен 666 адам қамтылды.Шағын несиелерді 1088 адам алды, оның ішінде 165 адам жастар арасынан, 611 адам жаңа бизнес-идеяларды дамытуға гранттар алды.Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша жастар қатарынан 1932 адам жастар практикасына, 228 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 5916 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.Сонымен қатар, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша 937 жас кәсіпкер кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытылды. Бұл жұмыс 2021 жылы да жалғасуда. Осы мақсатқа бюджеттен 2021 жылға 17,8 млрд.теңге бөлінді.2021 жылдың 1 сәуіріне «Еңбек» бағдарламасы аясында облыстың жұмыспен қамту органдарына 29 жасқа дейінгі жастар қатарынан 4424 адам белсенді жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, 3530 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 922 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.«Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 18 адам қайтарымды қаражаттан шағын несие, 79 адам жаңа бизнес идеяларды дамыту үшін гранттар алды.«Еңбек» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша қоғамдық жұмыстарға 29 жасқа дейінгі жастардан 1999 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 171 адам, жастар практикасына 438 түлек жіберілді.
Иә, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек"бағдарламасы шеңберінде көзделген.2020 жылы бағдарлама аясында аз қамтылған және көп балалы отбасыларға шағын несие беру шарттары жеңілдетілді. Атап айтқанда, микрокредит алу мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін ұлғайтылды, микрокредит беру көлемі 6-дан 8 мың АЕК-ке дейін ұлғайды, бұл ретте номиналды сыйақы мөлшерлемесі 6% - дан 4% - ға дейін төмендеді.Бұл мақсатқа 2021 жылы бюджеттен 300 млн.теңге бөлінді.
Жұмыссыз азамат жұмыс іздеп жүрген болса, тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту орталығына жүгінуі қажет. Жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген азаматты жұмыссыз ретінде тіркеп, жұмыспен қамтудың белсенді шараларын және бос жұмыс орындарын ұсынады.
Көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақыны отбасы балаларының санына қарай 4-тен көп баласы бар отбасыларға 42496 теңгеден 78 мың теңгеге дейін сараланған.