Жиі қойылатын сұрақтар
АӘК – бұл табысы төмен отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылай қолдау.
-
Кімдерге беріледі?
АӘК келесі санаттарға жататын азаматтарға тағайындалады:
- Табысы төмен отбасыларға – жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен болуы керек.
- Көпбалалы отбасыларға – төрт және одан көп баласы бар отбасылар.
- Жалғызбасты ата-аналарға – баласын жалғыз тәрбиелейтін, табысы төмен ата-аналар.
- Мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға – егер отбасында мүмкіндігі шектеулі бала болса.
- Еңбекке жарамсыз қарттарға – мүгедектігі бар немесе зейнет жасындағы жұмысқа жарамсыз адамдарға.
-
АӘК мөлшері қалай есептеледі?
АӘК мөлшері отбасының жан басына шаққандағы табысы мен кедейлік шегінің айырмасына тең.
Формуласы:
АӘК = Кедейлік шегі (күнкөріс минимумының 70%) – Отбасының жан басына шаққандағы табысы
Мысал:
Отбасында 4 адам бар (2 ата-ана, 2 бала).
Жалпы табыс: 120 000 теңге (ата-ананың жалақысы).
Жан басына шаққандағы табыс: 120 000 / 4 = 30 000 теңге.
Кедейлік шегі: 33 793 теңге.
АӘК мөлшері: 33 793 – 30 000 = 3 793 теңге (бір адамға).
Отбасыға төленетін жалпы АӘК: 3 793 × 4 = 15 172 теңге айына.
-
Қалай алуға болады?
- «eGov.kz» порталы арқылы онлайн өтініш беру.
- Тұрғылықты жердегі халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну.
- Қажетті құжаттарды тапсыру (жеке куәлік, отбасының табысын растайтын құжаттар, балалардың туу туралы куәлігі, некені (ажырасуды) растайтын құжаттар (қажет болса).
-
Қосымша қолдау шаралары:
«Балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет» – 1-6 жас аралығындағы балаларға азық-түлік пен тұрмыстық керек-жарақтар беріледі.
Мектеп жасындағы балаларға тегін тамақ, мектеп формасы, оқу құралдары, жол жүру шығындарын өтеу.
Атаулы әлеуметтік көмек алатындарға мемлекет есебінен медициналық сақтандыру (МӘМС).
Қосымша ақпаратты жергілікті әкімдіктерден немесе www.egov.kz сайтынан алуға болады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны деп танылған адамдар үшін 2023 жылы "тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек орталығы"КММ құрылды.
Анықтама: жобалық қуаты 50 орын, өз қызметін Алматы облысы әкімінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №383 қаулысы негізінде жүзеге асырады.
150 нөмірі бойынша жедел желіге телефон арқылы кеңес беру, байланыс орталығы -1307, орталықтың телефоны 8-727-391-62-50 (тәулік бойы, тегін, құпия).
Орталық құпия және өтеусіз сипатқа ие, барлық қызмет алушыларға уақытша болу және тұру жағдайында (6 айға дейінгі мерзімде) тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтердің 8 түрі ұсынылады.
Қызмет алушылар бөлмелерде 2-5 адам тұрады (анасы мен балалары). Барлық қызмет алушылар тұрмыстық қызметтермен (кептіру, үтіктеу, төсек-орын жабдықтарын, киім-кешек пен іш киімді дезинфекциялау) қамтамасыз етілген.
Барлық көрсетілетін қызметті алушылар 5 реттік ыстық тамақпен, төсек-орынмен қамтамасыз етілген, барлық қажетті мүкәммалмен төсек-орын беру, аналар мен балаларға киім-кешек пен аяқ киім беру, автотасымалдау, жеке істері бойынша қалаға бару (өзіне және балаларға қажетті заттарды сатып алу), мәдени-бұқаралық іс-шараларға, мектепке бару қызметтері.
Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету орталығында 4 медбике жұмыс істейді. Әлеуметтік-медициналық қызметтерді тұрғындар аурудың сипатын, медициналық көрсеткіштерін, физикалық және психологиялық жағдайын ескере отырып, уақтылы және қажетті көлемде алады.
Қызмет алушылардың түсуіне қарай Қонаев қаласының қалалық көпсалалы ауруханасында тіркелген халық тіркелімінде (РПН) тіркеу жүзеге асырылады.
Отбасын қолдау, отбасылық жанжалдарды шешу, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдау, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, психологиялық, әлеуметтік, құқықтық кеңес беру, жұмысқа бейімделу, аудан және қала әкімдерінің қаулыларымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен, 2022 жылы Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар аудандарында, 2023 жылы Іле ауданы мен Қонаев қаласында, 2024 жылы Жамбыл және Райымбек аудандарында, 2025 жылы Алатау қаласы мен Кеген ауданында әйелдерге, балаларға және халықтың басқа да осал топтарына арналған "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелері ашылып, жұмыс істейді.
Арнаулы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары "мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, тиісті үлгілер мен түрлердегі қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы"2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрықтың № 6 қосымшасымен бекітілген.
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері жеке, топтық және кіші топтық сабақтар түрінде жеке дамыту және түзету-дамыту бағдарламаларын іске асыратын арнайы білім беру ұйымы болып табылады.
ППТК басқа арнайы білім беру ұйымдарына баратын балаларды қоспағанда, туғаннан 18 жасқа дейінгі психофизикалық дамуы бұзылған балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді.
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар балаларды тексеру мен кеңес беруді, ерекше білім беру қажеттіліктерін және білім алу үшін арнайы жағдайларды бағалауды жүзеге асыратын білім беру ұйымы болып табылады.
Арнайы мектеп-интернаттар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларын іске асырады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзивті білім беру процесіне қосу мақсатында Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай аудандарында және Алатау қаласында 19 инклюзивті қолдау кабинеті жұмыс істейді.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес, халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамға жәрдемдеседі, сондай-ақ кәсіптік бағдарлау және кәсіптік оқыту бойынша қызметтер көрсетеді.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар үшін мемлекеттік қолдау шаралары көзделген.Осыған байланысты, тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгініп, жұмыссыз ретінде тіркеліңіз.Сізге лайықты бос жұмыс орындары және жұмыспен қамтудың белсенді шаралары ұсынылатын болады.
Иә, бұл функция қарастырылған, қызметті алушының қалауы бойынша ОЖБ-ның қолданылу мерзімі ішінде жүгіне алады.
Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік қызметтер порталын енгізу шеңберінде өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын құратын болады, онда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдерінің мамандары ЭЦҚ алу және оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін таңдау құқығын іске асыру кезінде көмек көрсететін болады.
Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік қызметтер порталын енгізу шеңберінде ауылдық әкімдіктерде, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларында өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары құрылды. Ол жерде бөлімдердің мамандары электронды цифрлы қолтаңба алу және оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін таңдау құқығын іске асыру кезінде көмек көрсететін болады.
Отбасы құрамы өзгерген - отбасы құрамы өзгерген күннен бастап;өтініш берушінің жалған мәліметтер және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынуын қоспағанда, отбасының жиынтық табысын айқындау кезінде есепке алынбаған фактілер немесе мәліметтер анықталған жағдайда - атаулы әлеуметтік көмекке жүгінген айдан бастап.
Шартты ақшалай көмек жалғызілікті немесе жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері), оның ішінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеушілері болып табылатын жеке тұлғалар бар табысы аз отбасыларға, ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.