«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 17-15) тармақшасына, 11-бабы 2-тармағының 8-11) тармақшасына сәйкес 1-сұрыпты бидай ұнынан, 1-сұрыпты ұннан жасалған әлеуметтік нанға бағаны тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы Меморандумды орындау үшін, Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі - Облыстың АШБ) осы Меморандум шеңберінде 1-сұрыпты бидай ұнын өндіруді жүзеге асыратын ұн тарту ұйымдарының тізбесін айқындау бойынша конкурс жариялайды.