«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 17-15) тармақшасына, 11-бабы 2-тармағының 8-11) тармақшасына сәйкес 1-сұрыпты бидай ұнынан, 1-сұрыпты ұннан жасалған әлеуметтік нанға бағаны тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы Меморандумды орындау үшін, Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі - Облыстың АШБ) осы Меморандум шеңберінде 1-сұрыпты бидай ұнын өндіруді жүзеге асыратын ұн тарту ұйымдарының тізбесін айқындау бойынша конкурс жариялайды.

Ұн тартатын кәсіпорындарға қойылатын талаптар:

Ұн тарту ұйымдарында тиісті өндірістік инфрақұрылым, қаржы қаражаты (астық сатып алуды жүзеге асыру үшін), материалдық және еңбек ресурстары (ұн шығымы кемінде 70% және кебек шығымы кемінде 25% болуы тиіс, екі сұрыпты ұнтақтау кезінде барлық ұн шекті бағадан жоғары сатылмауы және нысаналы пайдалануға жатуы тиіс) және нан пісіру кәсіпорындарын белгіленген бағамен ұнмен қамтамасыз етуі тиіс, Облыстың АШБ мәліметіне сәйкес.

Өңірге жеткізілетін астықтың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету және Меморандумға 1-қосымшаға сәйкес ай сайынғы негізде (есепті айдан кейінгі айдың әрбір 30-күні) облыстың АШБ хабарлау.

Конкурсқа қатысуға тиісті құжаттарды қоса бере отырып, өтінімдерді қабылдауды Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы Қонаев қаласы, Сейфуллин көшесі 56/1, 2 қабат, 9 кабинет, тел. 8 (701) 8717309 мекенжайы бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша жүзеге асырады almoblagro@mail.ru .

Объявление
Дата публикации
03 апреля 2023